09 желтоқсан 2014 12:41

Франция президенті киген шапан одақтастықтың белгісі - тарихшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

©riafan.ru ©riafan.ru

Тарихшы қазақтың мейманға ұлттық киім кигізу дәстүрінің сырын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ халқының ежелгі және ортағасырдағы тарихы кафедрасының профессоры Талас Омарбеков Қазақстанға сапары барысында шапан мен бөрік киген Франция президенті Франсуа Олланд түсірілген фотосуретке қатысты өз ойын айтты.


Тарихшы қазақтың мейманға ұлттық киім кигізу дәстүрінің сырын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қазақ халқының ежелгі және ортағасырдағы тарихы кафедрасының профессоры Талас Омарбеков Қазақстанға сапары барысында шапан мен бөрік киген Франция президенті Франсуа Олланд түсірілген фотосуретке қатысты өз ойын айтты.

Тарихшының айтуынша, бұл дәстүр сақ дәуірінде туған. "Бұл дәстүрдің тамыры тереңде. "Алтын адамның" киіміне қараңыздар. Киімге, әсіресе, басшылар мен мемлекет билеушілерінің киіміне сол кезде-ақ ерекше мән берілгені көрініп тұр," - дейді Омарбеков. Ол қымбат ұлттық киімдер тек қана одақтастардың көсемдеріне тарту етілгенін айтты. Бұл көшпелі халықтардың қонақжайлығының, оған деген құрметінің және оны одақтастыққа шақырудың белгісі болған. 

Тарихшы көшпелі тайпалардың өзге халықтардан да ұлттық киімдерді сыйға алып тұрғанын айтты. Мұндай деректер қытай қолжазбаларында жиі кездеседі. Омарбековтің айтуынша, өзге елдің ұлттық костюмін киген Франция президенті сонысымен қонақжайлыққа алғысын білдіріп, одақтас болуға дайын екенін растап тұр. Айта кетейік, Франция президентінің қазақы шапан мен бөрік кигені түсірілген фотосурет Еуропаның интернет-қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр. Францияның Қазақстандағы елшілігі бұл жөнінде пікір білдіруден бас тартты. 

Қонаққа ұлттық киім кигізу дәстүрі бүгінде Азия құрлығында кең тараған. Мысалы, Азия - Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) саммиті барысында әлем көшбасшылары форум өткен елдің ұлттық костюмдерін ерекше ықыласпен киюді әдетке айналдырған. 

Перудегі АТЭЫ 2008 жылғы саммиті.  Фото kremlin.ru сайтынан

Бали аралындағы 2013 жылғы саммит. Фото ©РИА Новости

Бейжіңдегі 2014 жылғы саммит. Фото ©РИА Новости

Франсуа Олланд шапан сыйға тартылған алғашқы мейман емес. Әлемге әйгілі жұлдыздардың көбі Қазақстанға келгенде қазақтың ұлттық киімдерін киіп көреді. Олардың арасында Майк Тайсон, Лара Фабиан, Сигурни Уивер және басқалар бар. 

Майк Тайсон Астанада. ©vk.com

Cигурни Уивер "Еуразия" кинофестивалінде. ©Тengrinews.kz

Black Eyed Peas тобы Алматыда. ©usatoday.com

"Союз ТМА" Арқалыққа қонды. Фото echo-yk.kz сайтынан

Лара Фабиан "Жайлау" гольф-клубында. ©Тengrinews.kz

ММА батыры Тито Ортис. ©alashprode.kz

Фигуристер Стефан Ламбьель, Фиона Залдуа мен Дмитрий Сухановтар "Денис Тен және оның достары" шоуында. Фото blogspot.com сайтынан

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети