25 наурыз 2015 11:36

Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған Airbus A320 бортында үш қазақстандық болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Duclet Stephane/FORUM ©Duclet Stephane/FORUM

Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған Airbus A320 бортында үш қазақстандық болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған Airbus A320 бортында үш қазақстандық болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Germanwings әуе компаниясының 24 наурызда Францияның оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшағында ҚР азаматы Иманғалиев Ербол Базаралыұлының (1965 жылы туылған), Исенғалиева Айжан Сарымқызының (1996 жылы туылған) және Иманғалиев Әділ Ерболұлының (1989 жылы туылған) өлімін растады. 

"Қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз. Мұнымен қатар, Германия үкіметінің мәліметінше, ұшақ бортында Қазақстан азаматшасы Блес Елена да болған. Қазіргі уақытта сәйкес органдар бұл мәліметті нақтылап жатыр", - деп хабарлады баспасөз өкілдері.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері қаза тапқандардың туыстарынан мына телефондарға хабарласуын сұрайды: ҚР Берлиндегі консулдығы - +4915208833631 (негізгі байланыс); ҚР Испаниядағы консулдығы (Барселона) - +34674482333. Мұнымен қатар, консулмен байланыс орната алмаған жағдайда туыстары СІМ кезекші дипломатына +77172720111 телефоны арқылы хабарласа алады.

Еске сала кетейік, Germanwings әуе компаниясының Барселонадан Дюссельдорфқа бағыт алған Airbus A320 ұшағы 24 наурызда француздың Альп тауларының қол жеткізуге қиын аймағында апатқа ұшыраған еді. Нақтыланған деректер бойынша, 150 адам қаза тапты. Жолаушылардың арасында Германия, Испания және Түркия азаматтары болған. Бортта неміс мектебінің 16 оқушысы мен екі мұғалім болған, олар Барселонада тіл үйрену бағдарламасы бойынша болып, қайтып келе жатқан. Сонымен қатар, Қазақстанда туған опералық әнші Олег Брыжактың да ұшақ бортында болғаны анықталған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети