27 желтоқсан 2016 10:12

Ғалымдар Кейкі батырдың қоладан жасалған мүсінін көрсетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кейкі батырдың мүсіні © Андраш Жолт Биро Кейкі батырдың мүсіні © Андраш Жолт Биро

Венгр антропологы Андраш Жолт Биро Tengrinews.kz редакциясына Кейкі батырдың бюстінің суретін жолдады.


Венгр антропологы Андраш Жолт Биро Tengrinews.kz редакциясына Кейкі батырдың бюстінің суретін жолдады.

Бұл бюстті ғалымдар қоладан жасағанын айтады.

Андраш Жолт Бироның айтуынша, Кейкі батырдың келбетін қалпына келтіру жұмыстарымен осы салада тәжірибесі мол және осыдан төрт жыл бұрын Абылай ханның келбетін қалпына келтірген Агнеш Куштар есімді маман айналысқан. Сондай-ақ, бұл жобамен Шандор Эвингер мен Андраш Бироның өзі айналысады. Шандор Эвингер сүйектің арнайы сараптамаларын жасаған болатын. "Біз батырдың басын ренгтгенге түсірдік, ал кейін компьютерлік томографияға түсіріп, 3-Д моделін жасадық. Бұл жұмыс екі айға созылды. Батырдың сүйектері арқылы келбетін қалпына келтіру қиынға соқты. Ең қиыны - оның түпнұсқасын жасау", - деді антрополог.

Сонымен қатар, антрополог ғалым венгр мамандарының батырдың сүйегіне сараптама жасап, оның қайтыс болған кезде жасы шамамен қаншада болғанын, неден қайтыс болғанын анықтады. "Біз Кейкі батырдың қалай қайтыс болғанын тарихтан білеміз. Ал біздің жасаған сараптамадан оның қандай жарақаттар алғанын көруге болады. Оны желкесінен металдан жасалған затпен кем дегенде жеті рет ұрған. Содан сүйегі сынып кеткен. Қатты жарақат алған. Рентгеннен де жарақаттардың барлығы көрініп тұр", - деді шетел ғалымы.

"Кейкі батырдың бассүйегінен және жасалған сараптамалардан оның мықты ер адам болғанын көруге болады. Жасы шамамен 40-50-де. Желтоқсан айының басында Венгрияға Қазақстан делегациясының өкілдері келдері. Сол кезде біз жасалған жұмыстардың нәтижелерін беретін боламыз. Кейкі батырдың екі бассүйегін дайындап қойдық, Бассүйек пластиктен жасалған, ал үсті гипспен және лакпен жабылған. Біреуінің түсі - ақ, ал екінші бассүейектің түсі - қола түсті", - деді Биро.

"Қазақстанға осындай халық батырлары керек. Себебі ең ауыр кезеңде ол ешкімнен қорықпай, нағыз батыр екенін көрсетті. Кейкі батырдың келбеті дайын болғанда, оны оқулықтарда және тарихи кітаптарда бейнелеуге болады", - деді антрополог. 

Еске салайық, осыған дейін венгр ғалымдары Кейкі батырдың келбетін қалпына келтіргені хабарланған болатын. Белгілі тарихшы Берік Әбдіғалиұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында Кейкі батырдың бассүйегінің қалыпқа келтірілген эскизін жариялады.

Еске салайық, биыл 12 тамызда Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Кәрім Мәсімов РФ Үкімет төрағасы Дмитрий Медведевпен кездесуі барысында өткен жүз жылдықтағы ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшысы Кейкі батырдың мүрдесін елге қайтару туралы мәселені көтерген еді. Содан 6 қазанда Кейкі батырдың бассүйегі Астанаға жеткізілген болатын. Ал кейінірек Орталық мемлекеттік музейдің директоры Нұрсан Әлімбай 12 қазан күні Кейкі батырдың бассүйегі антропологиялық сараптама үшін Венгрияға жеткізілетінін мәлімдеді. Музей басшысы құнды жәдігерді арнайы контейнерде алып барды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети