01 тамыз 2014 21:29

Газа секторынан қазақстандықтар эвакуацияланып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыртқы істер министрлігі анклав аумағында әскери-саяси ахуалдың ушығуына байланысты Газа секторынан қазақстандықтарды көшіріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Сыртқы істер министрлігі анклав аумағында әскери-саяси ахуалдың ушығуына байланысты Газа секторынан қазақстандықтарды көшіріп жатыр, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Мысырдағы Қазақстан елшілігі Рамалладағы Ресей Федерациясының консулдық бекетімен бірігіп, "Рафах" бақылау-рұқсатнама бекеті арқылы азаматтарымызды эвакуациялау шараларын жүргізіп жатыр.

"Елшілік бүгінгі күні Қазақстан Республикасының 37 азаматын және Қырғызстанның бес азаматын сол аумақтан шығарды. 17-18 шілде аралығында Газа аумағынан Қазақстаннң 15 азаматы Мысырға әкелініп, олардың 10-ы Қазақстанға мемлекеттік қаражат есебінен жіберілді. Қалған бес азаматымыз Мысырдағы туысқандарында қалу ниетін білдірді. 31 шілдеде Мысырға тағы да 22 азаматымыз әкелінді, олардың 16-сы жақын арада Қазақстанға жіберіледі, қалған алты адам Мысырда қалу ниетін білдірді.", - делінген министрліктің хабарламасында.

"Газа секторында ҚР азаматтары әлі де бар, елшілік олармен үнемі байланыста. Азаматтарымыз эвакуациялау туралы өтініш білдірген жағдайда, олар әскери қақтығыс болып жатқан жерлерден тез арада шығарылатын болады. ҚР СІМ Газа секторынан Қазақстан азаматтарын эвакуациялау шарасына көрсеткен көмегі үшін Ресей тарапына алғысын білдіреді", - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Сыртқы істер министрлігі жағдайды қатаң бақылауға алғанын хабарлайды. Айта кетейік, Израиль 7 шілдеден бері Газа секторында "Мызғымас жартас" әскери операциясын жүргізіп жатыр. Ұрыс әрекеттерінің салдарынан 1450-ден астам палестиналық, 60-тан астам израильдік азамат қайтыс болды. 1 тамыз күні Израиль мен ХАМАС үшкүндік бітімге келді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети