25 маусым 2015 10:31

Гиннеске енбекші болған қазақстандық сарбаздың рекордын кадет жаңартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ҚМ баспасөз қызметі © ҚР ҚМ баспасөз қызметі

Гиннеске енбекші болған қазақстандық сарбаздың рекордын Кадет корпусының тәрбиеленушісі жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Гиннеске енбекші болған қазақстандық сарбаздың рекордын Кадет корпусының тәрбиеленушісі жаңартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҚР ҚМ Кадет корпусының әскери қызметкері Ержан Құсайынов турникте екі қолмен дененің жартысына дейін көтерілу бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру кезінде ҚР Қарулы Күштерінің рекордынан асып түсетін нәтиже көрсетті.

"Ержан бұл жаттығуды 1 сағат 43 минутта орындап, осы уақыт ішінде 505 рет көтерілді. Құсайыновтың мұнымен тоқтамақ ойы жоқ. Қазір ол ынта-жігерін салып, әлемдік рекордты жаңартуды жоспарлап отыр", - дейді баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, бұған дейін 1 сағат 40 минут ішінде белтемірде 400 рет көтерілетін (минутына немесе бір қайталауда 25 рет)  43386 әскери бөлімінің бөлімше командирі кіші сержант Ержан Әбілмансұров туралы хабарлаған болатынбыз. Ол Гиннестің рекордтар кітабына енуге өтініш жолдады. Алайда Құсайыновпен айырмашылығы - 3 минут, ал саны жағынан рекордшымен салыстырғанда кадет 105 рет көбірек орындады.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети