16 шілде 2014 15:21

"Гульнар тур" басшысын тауып берген адамға сыйақы бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

"Гульнар тур" компаниясының басшылығы жалған құжатпен шетелге кетіп қалған болуы мүмкін,  - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы баспасөз мәслихатында алданып қалған туристер оқиғасына қатысты деректер айтылды. 


"Гульнар тур" компаниясының басшылығы жалған құжатпен шетелге кетіп қалған болуы мүмкін,  - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Қазақстанның Ұлттық кәсіпкерлер палатасындағы баспасөз мәслихатында алданып қалған туристер оқиғасына қатысты деректер айтылды. 

Қазіргі уақытта белгілісі туристік компанияның басшылығы байланысқа шықпай, тасаланып жүр. Кейбір деректерге қарағанда, компания басшысы жалған құжатпен Қазақстан аумағынан кетіп қалған көрінеді.

Компанияның директорының кәсіпкерлер палатасымен соңғы рет қашан байланысқа шыққандығы белгісіз. Ол жайында ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Гүлнәр Құрбанбаева: "Директормен біреу байланысқа шығып жатса, сол адамға сыйақы беруге даярмын. Өкінішке қарай, бүгінде онымен байланыс мүмкін болмай тұр", - дейді.

Түркияда қазақстандық туристер үйіне жете алмай, жат елдің әуежайын сағалауға мәжбүр болған-тын. "Гульнар тур" туристік фирмасынан жолдама сатып алған азаматтар өздерінің алданғанын біраз уақыттан кейін білген. Келісімшарт бойынша Jet Airlines әуе компаниясы қазақстандық туристерге 30 маусымға дейін қызмет көрсетуге тиіс болған. Алайда фирма басшылығы болса, туристерге жолдаманы шілде айына дейін сатып келген. Қазір бұл мәселе бойынша қылмыстық іс қозғалды, туристік фирманың азаматтарға келтірген шығын мөлшері 30 млн теңгеден асып отыр. ҚР Бас прокуратурасы "Гульнар турды" тексеруге рұқсат берді, тексеру 10 күннен астам уақытқа созылады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети