28 тамыз 2014 10:29

"Гүлнәр тур" компаниясы лицензиясынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©kapital.kz ©kapital.kz

"Гүлнәр тур" туристік компаниясы лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Гүлнәр тур" туристік компаниясы лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сот "Гүлнәр тур" туристік компаниясының лицензиясын алып тастау туралы шешім шығарды. ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті сотқа "Гүлнәр тур" ТК" ЖШС-ні туроператорлық қызметін іске асыру лицензиясынан айыру туралы талап арыз түсірген болатын", - делінген таратылған хабарламада.

2014 жылдың 22 тамызында Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты бұл талап арыз бойынша қозғалған азаматтық істі ашық сот отырысында қарап, "Гүлнәр тур" ТК" ЖШС-ні лицензиясынан айыру туралы шешім шығарды.

Биыл жазда елімізде осы туроператорға қатысты жанжал туған еді. "Гүлнәр турдың" жүздеген клиенті Түркиядан Қазақстанға және ол жақтан кері қарай ұша алмай қалды. Кейін туристік компания жетекшілерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети