11 тамыз 2014 13:41

"Гүлнәр турдың" 1100 клиенті әуе билеттерін қайта рәсімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Туризм индустриясы комитеті ©Туризм индустриясы комитеті

"Гүлнәр турдың" мыңнан астам клиенті Түркияға әуе билеттерін қайта рәсімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Гүлнәр турдың" мыңнан астам клиенті Түркияға әуе билеттерін қайта рәсімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Туризм индустриясы комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шілде айында қазақстандық мемлекеттік органдар мен Atlasjet Airlines әуе компаниясы арасында "Гүлнәр тур" туристік компаниясы жолаушыларын (Atlasjet Airlines әуе компаниясы билеттерін өтеген) тұрақты рейстермен тасымалдауға ақысыз қабылдау туралы міндеттемелерді орындау жөнінде келісімге қол жетті", - делінген хабарламада.

Atlasjet Airlines компаниясының мәліметінше, 7 тамыздағы жағдай бойынша Астанадан 150 жолаушы, Алматыдан 270 жолаушы ұшып кетті. Әуе компаниясы барлығы 1100 туриске әуе билеттерін берді. Бүгінде билеттерді қайта рәсімдеуге өтініштерді қарау жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта тағы 750 жолаушыға билетті қайта рәсімдеу мәселесі қаралып отыр.

Ол үшін әуе компаниясының өкілдіктеріне әуе сапары ақысы мен қонақүй құнын төлегенін растайтын құжаттармен, электронды билеттермен хабарласу қажет. Отель құнын төлегенін растайтын құжат болмаса, әуе сапары іске асырылмайды.

Еске сала кетейік, биылғы жазда "Гүлнәр тур" компаниясының жүздеген клиенті Түркиядан елге немесе, керісінше, елден демалысқа ұша алмай қалған еді. Туристік компаниясы басшылығына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети