18 ақпан 2014 16:59

Храпунов енді Алматының құрметті азаматы емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

 ©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Олигарх Виктор Храпунов "Алматы қаласының құрметті азаматы" атағынан айырылды. Алматы қалалық мәслихатының 18 ақпан күнгі XXIV сессиясы барысында осындай шешім шығарылды деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгінде Швейцарияда тұратын Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты 24 қылмыстық іс қозғалған болатын. Алматының қорғауға алынған аймақтарынан жер телімдерін заңсыз үлестіруден шыққан жанжалға байланысты ол 2007 жылдың қараша айында ҚР Төтенше жағдайлар министрі лауазымынан босатылған еді. Оған дейін Храпунов оңтүстік астананың әкімі болды. Қазақстандық саяси элитаның бір кездегі танымал өкілі министр қызметінен босатыла сала Швейцарияға кетіп қалды. 2012 жылдың 8 ақпанында оған халықаралық іздеу жарияланды. Кейінірек экс-шенеуніктің әйелі Лейла Храпунова да іздестіріле бастады. Жуырда Женева прокуратурасының Храпуновтар отбасының ақша жымқыру дерегіне байланысты тексеру жүргізіп жатқаны туралы ақпарат тарады. Олигарх отбасының банктердегі барлық есепшотына тыйым салынып, құжаттары тәркіленген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети