11 қараша 2017 16:14

"Иә, мен аяғымнан айырылдым, бірақ басқасының барлығы бұрынғыша" - Екатерина Парафиева

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екатерина Парафиева Екатерина Парафиева

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатынан екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева мүгедектер арбасына таңылғаннан кейінгі өмірі жайлы айтып берді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатынан екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева мүгедектер арбасына таңылғаннан кейінгі өмірі жайлы айтып берді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Мүгедектер арбасына таңылғаннан кейін, бір нәрсені түсіндім. Біздің қоғамның мүмкіндігі шектеулі жандарға дұрыс көз қараста болса деймін. Осы айлардың ішінде бастан кешірген қиындықтарды тізбектегім келмейді. Біреуді сөккімде келмейді. Бір нәрсе ғана айтайын. Жанынан өтіп кете бермеңіз, шетте қарап тұрмаңыз. Өзіңіз бастамашы болып қол ұшын беріңіз! Қарапайым ғана заттардың өзі, мысалы есік ашу, өткізіп жіберу, түсіне білу сияқты дүниелер", - деп жазды Парафиева. 

"Қорқудың еш қажеті жоқ!!! Иә, мен аяғымнан аяырылдым, бірақ қалған дене мүшем сау. Мен бұрынғы өмірімдегідей сүруді қолға алдым. Барлық адамдарша өмір сүргім келеді. Мен өзімді осылай қабылдадым, қоғамда мені осылай қабылдасын! Мен сияқты жағдайға душар болған жандар үшін осыны қалаймын", - деді ол. 


Судья мен прокурор. © Tengrinews.kz


Сотталушы Дәурен Жаңабаев адвокатымен бірге. © Tengrinews.kz 


Жәбірленуші Екатерина Парафиева адвокат Жанна Оразбаховамен сотта. © Tengrinews.kz 

Осыған дейін алматылық қыздың ауруханадан шығарылғаны хабарланған болатын. "Жақсы жаңалықтарымды айтайын. Бүгін Қалқаманға ауыстырды, № 1 Қалалық Клиникалық ауруханаға реабилатацияға. Бұл қуантпай қоймайды, бұл менің қалпыма келудегі жаңа кезең", - деген еді Екатерина Парафиева.

Еске сала кетейік, 16 маусымда Алматыда болған жол апатынан қыздың екі аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Жол-көлік оқиғасы әл-Фараби даңғылында Тұңғыш Президент саябағының маңында болған. Жол апатына түскен көліктің барлығы батыс бағытта кетіп бара жатқан. Honda көлігі ашық люкке түсіп кетіп, дөңгелегі жарылған. Бұл көліктің салонында екі қыз болған. Олар көлікті жол шетіне қойған кезде шеткі сол жақ жолақпен Toyota Camry келе жатқан. Көліктің жүргізушісі бұзылып тұрған автомобильді көріп, тоқтауды ойлаған. Алайда орта жолақта келе жатқан автобус оны соғып, Toyota Camry тоқтап тұрған Honda көлігін соққан. Осы уақытта екі көліктің ортасында қалып қойған екі қыз қысылып қалған. Дәрігерлер қыздың аяғын кесіп тастауға мәжбүр болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети