26 қаңтар 2015 12:02

Интернетте Ан-2 апаты орнынан түсірілген видео пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Авторадио-Казақстан ақпараттық қызметі ©Авторадио-Казақстан ақпараттық қызметі

Авторадио-Казақстан ақпарат қызметі Ан-2 ұшағының Жамбыл облысындағы апатқа ұшыраған жері түсірілген видеоға қол жеткізді. Әуе апаты болғаннан кейінгі сәт ұялы телефонның камерасына түсірілген. Бейнежазбадан ұшақтың сынған бөліктері мен қаза тапқандардың денесін көруге болады.

Еске сала кетейік, Балқаштан "Шатыркөл" кенішіне бағыт алған Ан-2 ұшағы 20 қаңтарда апатқа ұшыраған еді. Әуе кемесінің бортында жеті адам болды: "Қазақмыс" компаниясының төрт қызметкері және экипаждың үш мүшесі, бір жолаушы - Әсем Шаяхметова тірі қалды. Қазіргі уақытта қыз ауруханада жатыр, дәрігерлер оның жағдайын ауыр және тұрақты деңгейде екенін айтып отыр.

Тергеу ұшақтың апатқа ұшырауына себеп болуы мүмкін үш нұсқаны қарастырып жатыр – адами фактор, әуе көлігінің істен шығуы және ауа райының қолайсыздығы. Оқиғаны тергеу үшін арнайы комиссия құрылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети