12 қазан 2015 10:47

Интервенция жасалмаса, доллар бағамы 350 теңгеге дейін жетеді - сарапшы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ru.sputnik.kg © ru.sputnik.kg

Интервенция жасалмаса, доллар бағамы 350 теңгеге дейін жетеді. Бұл туралы "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында "FIBO Group" компаниясының қаржы сарапшысы Евгений Слесарев айтып берді. 


Интервенция жасалмаса, доллар бағамы 350 теңгеге дейін жетеді. Бұл туралы "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында "FIBO Group" компаниясының қаржы сарапшысы Евгений Слесарев айтып берді. 

Сарапшылар "Бұл - Ұлттық банктің оң қадамы" дейді. Өйткені қазірдің өзінде төл валютамызға деген сұраныстың аздығы байқалады. Егер интервенция жасалмаса, теңге тым құлдырап кетеді деген қауіп бар. "Егер Ұлттық банк күнделікті жүргізіліп отырған интервенцияны жасамаса, теңге әб-сәтте құнын жоғалтады. Тіпті, 1 доллардың бағамы 300-350 теңге дейін баруы мүмкін. Ал, еркін айналымнан Ұлттық банк бас тартпайды деген ойдамын. Өйткені, ол экономикаға қажет",- деді "FIBO Group"компаниясының қаржы сарапшысы Евгений Слесарев.

Айта кетейік, бүгін Ұлттық банк теңгені қолдауға 78,1 миллион доллар бөліп отыр. Интервенцияның көлемі 78,1 миллион долларға тең болды. Сонымен қатар, таңғы сессияда доллар 274,72 теңгеге бағаланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети