07 шілде 2016 12:05

Исекешев Астананың қалайша миллион тұрғыны бар қалаға айналғанын түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі © Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорданың қалайша миллион адамы бар қалаға айналғанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қаласының әкімі Әсет Исекешев елорданың қалайша миллион адамы бар қалаға айналғанын түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде бұл жаңалыққа күмән келтіргендердің қарасы көп еді. 

"Мұнда мәселе елордада бір айдың ішінде 120 мың адам дүниеге келді деген сөз емес. Қалада тіркелмеген азаматтардың бар екені жайлы. Жыл басында 880 мың адам ресми түрде тіркелсе, біз бір пәтерде екі-үш адамның тіркелгенін, бірақ одан да көп адамның өмір сүретінін білеміз ғой. Адамдар келіп жатады, пәтер жалдайды, тіркелмейді, тіркелмеген азаматтардың саны көп", - деді Исекешев "Нұр Отан" конференциясының үзіндісінде Tengrinews.kz тілшісіне. 

"Қалада шамамен 940 мың адамның денсаулық сақтау бойынша қызмет тұтынатынын, көлікпен миллионнан аса адамның жүретінін көріп отырмыз. Сондықтан қалада миллион адам бар деп есептеуге болады. Егер ресми түрде 880 мың болса, қалада бейресми түрде миллионнан аса адам бар, себебі көлік көбейіп жатыр, медициналық қызметтерге, білім беру саласында адамдар келіп жатыр. Мұны белгілі бір кезең деуге болады. Миллион тұрғыны бар қала жаңа мектептердің, жаңа ауруханалардың салынуын, қоғамдық көліктің дамуын талап етеді. Бұл 2-3 ай ішінде 120 мың адам дүниеге келді деген сөз емес. Шын мәнінде астаналық агломерация - экономикалық орталық, мұнда ішкі агломерация үлкен. Біз қалалық билік ретінде мұнда қанша адамның тұрып жатқанын жақсы түсінуіміз керек", - деді әкім. 

Ал миллионыншы тұрғынның дәл Астана күнінің қарсаңында дүниеге келуін сәйкестік деп атауға бола ма деген сұраққа ол келесідей жауап қатты: 

"Сәйкестік деуге де болады, белгілі бір кезең деуге де болады, мұны қала билігі түсініп, сараптап, жоспар құруы керек. Сондықтан миллион адамы бар қала ретінде инфрақұрылымын кеңейтуі керек. (...) Қалада тіркелмеген адам көп болса, қысым түседі. Адамдардың қаншалықты көп екенін көріп отырмыз. Сондықтан жұмыс жүргізілді. Сондықтан бұл Қала күніне бұл дәл келмеді, бұл белгілі бір кезең болды, біз мұны түсініп, әрмен қарай жүреміз".

Мәліметі бойынша, 1 шілдеде Астанада 999 780 адам тұрып жатқан. 

Осыған дейін заңгерлер Жангелді Сүлейменов пен Джохар Өтебеков Астананың миллионыншы тұрғынына пәтер берудің заңдылығына күмән келтірген еді. Олардың айтуынша, мұнда заң тұрғысында бірқатар шикілік бар.

Еске салайық, Астана әкімдігі "Астанада миллионыншы тұрғын дүниеге келді" деп хабар таратқан еді. Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Астана қалаcы №1 перинаталдық орталықта сағат 01.00-де дүниеге қыз келді. Қыздың ата-аналары - №9 "Нұршашу" балабақшасының тәрбиешісі 22 жастағы Арайлым Мұхамедияр мен "Астана-РЭК" электр жабдықтарының маманы Олжас Мұхамедиярдың тұңғышы дүниеге келіп отыр. Айта кетейік, қызға Саида деген есім қойылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети