14 мамыр 2016 13:05

Иван Сауэр жер реформасы жөнінде: Егер мен музыканы түсінбесем, қандай музыка сарапшысы боламын?

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Родина" агрофирмасының бас директоры, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум мүшесі Иван Сауэр жер реформасы жөніндегі коммиссия мүшелеріне қарап сөз сөйледі. Ол ұжымдастарын жер мәселесі төңірегіндегі манипуляциядан бас тартуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Родина" агрофирмасының бас директоры, "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының президиум мүшесі Иван Сауэр жер реформасы жөніндегі коммиссия мүшелеріне қарап сөз сөйледі. Ол ұжымдастарын жер мәселесі төңірегіндегі манипуляциядан бас тартуға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Менің пікірімше, барлық отырыстар арқылы өткізуіміз тиіс басты нәрсе - біз талқылауға, бір нәрсені өзгертуге дайын екенімізге келісуіміз қажет. Ең бастысы - біз бүгінде қандай да бір қауіп-қатерден, науқандардан, наразылықтардан, айла-амалдардан бас тартуымыз керек. одан әрі жылжып, одан әрі дамимыз", - деді Сауэр жер реформасы жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында.

"Біз жиі өз пікірлерімізді білдіреміз, біреулер халықтың атынан сөйлейді. Не болып жатқанын қараңыздаршы. Жермен жұмыс жасайтын адамдар пікір білдірмейді. Неге әркім жер туралысөйлеп, халық атынан сөйлейтін "сарапшы" болу қажет деп санайды. Халықты тыңдауымыз қажет, халықты арандатудың керегі жоқ. Халыққа жеткізу керек. Сосын халық өзі бір шешімге келеді", - деді фермер.

Ол қазақстандық қоғамның бәрі бірдей отандық өнімдерді жақсы көре бермейтінін айтты.

"Неге екені белгісіз, бізде солай қалыптасқан: біз отандық өндірушіні, отандық өнімдерді жақтырмаймыз", - деді Иван Сауэр ауылшаруашылығы саласында 25 жыл тәжірибесі бар екенін айта отырып.

Ол "өмір сапасының қаншалықты өзгергенін көру үшін" барлығын Родина ауылына шақырып, жекеменшігінде не бар екенін көрсетуге дайын екенін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети