12 қыркүйек 2014 11:14

Жалған VIP-нөмірі бар көліктің иесі іздестіріліп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда полиция жалған VIP-нөмірі бар көліктің иесін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда полиция жалған VIP-нөмірі бар көліктің иесін іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Tengrinews.kz редакциясына көліктің тіркеу нөмірін автоматты түрде алмастыратын құрылғы түсірілген видео жолданды. Әкімшілік полиция комитеті бейнематериалда көрінген нөмірлерді тексеріп шықты. "Аталған машинадан мемлекеттік тіркеу нөмірін жылдам ауыстыра алатын құрылғы табылмады", - деп хабарлады әкімшілік полиция өкілдері.

"Автокөлік иесі көлік жүргізгенде А 444 KSM жалған нөмірін қолданбағанын айтып отыр, ол белгісіз біреулер әлгі құрылғыны сатып алуды ұсынғанын айтты, олар құрылғының қалай жұмыс істейтінін көрсету үшін оны көлікке орнатып, кейін алып тастаған. А 444 KSM мемлекеттік тіркеу нөмірінің қалай жасалғаны белгісіз. Мұндай нөмірі бар автокөліктің 2010 жылы Алматы ІІД Әкімшілік полиция басқармасының тіркеу-емтихан алу бөлімінен есептен шығарылғаны белгілі болды, аталған нөмірлер қайтып берілмеген", - дейді комитет өкілдері.

Әкімшілік полицияның мәліметінше, қазір ішкі істер органдары жалған VIP-нөмірді заңсыз қолданып жүруі мүмкін адамдарды анықтау үшін жедел-іздестіру шараларын жүргізіп жатыр. 

Комитет өкілдері жасырын, жалған, өзгертілген нөмірі немесе тіркеу белгісі бар көлік құралдарын қолдануға тыйым салынатынын атап өтті. Жалған немесе қолдан жасалған нөмір белгілерін көпе-көрінеу орнатып алған жеке тұлғаларға 15 АЕК, лауазымды тұлғаларға - 50 АЕК көлемінде айыппұл салынады.

Жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілері мұндай заңбұзушылық үшін 370 мың теңге (200 АЕК) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Ірі кәсіпкерлік суъбектілеріне 852 мың теңге (1000 АЕК) көлемінде айыппұл салынады. Жалған немесе қолдан жасалған нөмірі бар автокөлікті басқарғандарға 20 АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе көлік құралын басқару құқығынан бір жылға айырылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети