03 желтоқсан 2020 11:46

Жалған долларлармен азық-түлік сатып алған шымкенттік жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© elements.envato.com © elements.envato.com

Шымкент қаласының тұрғыны жалған долларлармен азық-түлік сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Шымкент қаласының тұрғыны жалған долларлармен азық-түлік сатып алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қаржы министрлігі қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, азық-түлік дүкендерінің бірінде қала тұрғыны 2 200 теңгеге сауда жасап, 100 АҚШ долларын төмен бағада қабылдауды сұраған.

"Дүкен сатушысы банкнотаны 35 000 теңге ретінде қабылдап, 32 800 теңге қалған ақшасын қайтарған. Ақша айырбастау пунктіне барған кезде 100 АҚШ долларының жалған ақша екендігі анықталған", - делінген хабарламада. 

Шымкент қаласы Әл-Фараби аудандық сотының үкіміне сәйкес, қала тұрғыны ҚР Қылмыстық кодексінің 231-бабы бойынша (жалған ақша немесе бағалы қағаздар жасау, сақтау, алып өту немесе өткізу) қарастырылған қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети