30 сәуір 2016 16:17

Жамалиевтің Lamborghini автомобилін Ақтөбе тұрғынының сатып алғаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қайрат Жамалиевтің Lamborghini Gallardo автомобилін Ақтөбе облысының тұрғыны сатып алған, - деп хабарлайды "Астана" телеарнасы Астана Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментіне сілтеме жасап.

Бөлім басшысы Серік Қадуәлиевтің айтуынша, жаңа қожайын автомобильдің бастапқы кепілдік сомасы - 7 миллион теңгені ғана төлепті. Енді бір ай ішінде қалған қаржыны өтеуі тиіс.

Еске сала кетейік, осыған дейін елордалық кәсіпкер Қайрат Жамалиевке тиесілі Lamborghini Gallardo көлігінің 30 миллион теңгеге сатылғаны хабарланған болатын. Gosreestr.kz сайтындағы мәліметтерге сүйенсек, көліктің бастапқы құны 237 905 000 теңге болған. Автомобиль 30 451 840 теңгеге сатылды. Көлік 47 581 000 теңгеге бағаланды. Сонымен қатар, департамент өкілдері сатып алушы келісімшартқа қол қойғанға дейін келісімнен бас тарта алатынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети