18 ақпан 2015 14:05

Жамбыл Ахметбеков президент сайлауына қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл Ахметбеков. ©Тұрар Қазанғапов Жамбыл Ахметбеков. ©Тұрар Қазанғапов

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Халық коммунистері" фракциясының өкілі Жамбыл Ахметбеков кезектен тыс президент сайлауына қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, "Халық коммунистері" фракциясының өкілі Жамбыл Ахметбеков кезектен тыс президент сайлауына қатысуы мүмкін екенін жоққа шығармады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бұрынғы кандидат ретінде менің белгілі бір тәжірибем бар, бірақ бізде басқа да кадрлар бар. Біз бірнеше кандидатты ұсына аламыз. Жеке амбициялар басты мәселе емес. Бұл жерде кімді президенттікке ұсынуға болатынын коммунистер мен съезд бірге шешеді. Сондықтан мұны айтуға әлі ерте әрі әзірше сайлау мерзімі жария етілген жоқ", - деді Ахметбеков. 

Мәжіліс депутаты Қазақстанның коммунистік халық партиясының Қазақстан халқы ассамблеясының сайлау өткізу бастамасын қолдайтынын айтты. "Барлық саяси партия кез келген сын-қатерге дайын болуы керек. Олардың басты мақсаты - билік үшін күрес. Біздің коммунистердің халық партиясы да солардың қатарында. Біз кезектен тыс президент және парламент сайлауларына әрқашан дайынбыз. Біздің партия саяси күрестерде нығайып үлгерді", - деді депутат. 

Еске сала кетейік, 14 ақпан күні Қазақстан халқы ассамблеясының Кеңесі азаматтардың Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу туралы өтініштерін бірауыздан қолдаған еді. Ассамблея Кеңесі мүшелерінің пікірінше, әлем экономикасындағы дағдарыстың өршіп тұрған жағдайында кезектен тыс президент сайлауын өткізу республикаға "Нұрлы жол" бағдарламасы мен ел дамуының ұзақмерзімді даму басымдықтарын іске асыруға мүмкіндік береді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети