03 сәуір 2020 15:01

Жамбыл облысында 82 адам коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Жамбыл облысында 82 адам коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.


Жамбыл облысында 82 адам коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Ведомство өкілдері облыста 6 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Олардың бірі Жамбыл ауданында тұрады. Жасы 29-да, Ресейден келген. Таразда екі науқас тіркелген. Біріншісі - 41 жастағы ерадам, ал екінші сол науқастың 69 жастағы туысы. 1 сәуірде ол ауруханаға жеткізілген болатын.

Сондай-ақ, Қордай ауданында да тағы екі адам коронавирус жұқтырған. 46 жатсағы ер адам мен 24 жастағы қыз. Олар Қырғызстаннан келген екен.

Шу ауданында бір жағдай тіркелген. 29 жастағы ер Қырғызстаннан келген.

Барлығынан сараптама алынған, олардың 70-нде коронавирус анықталмаған. Тек біреуі жұқтырған болып шықты.

Айта кетейік, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 453-ке жетті. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети