25 қаңтар 2016 13:47

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың пилоты оқиғаны баяндап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Валерий Михин. © ok.ru Валерий Михин. © ok.ru

Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың ұшқышы жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.


Жамбыл облысында апатқа ұшыраған тікұшақтың ұшқышы жансақтау бөлімінде жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Басқармадағылар 62 жастағы Валерий Михиннің Тараздағы №1 ауруханаға 24 қаңтарда бетінің, басының, аяқ-қолдарының І-ІІ-ІІІ дәрежесіндегі күюі диагнозымен түскенін айтып берді. Сонымен қатар, оның тыныс алу жолдарын ІІ дәрежедегі күйік шалған.

"Науқастың айтуынша, ол 23 қаңтарда жарақат алған. Ол тікұшақ ұшқышы. Әуеде қозғалтқыш өртенген. Жерге қонғаннан кейін ол тікұшақты өзі сөндірмек болған. Шамамен 5 шақырым жаяу жүрген. Бұдан кейін ол №1 ауруханаға жеткізілген. Жалпы жағдайы ауыр. Ес-ақылын біледі. 25 қаңтарда 09.00-ле дәрігерлер консилиумы оның жағдайын қарады, жансақтау бөлімінде жатыр", - деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, 23 қаңтарда Жамбыл облысында тікұшақ апатқа ұшыраған еді. Кейін ұшқыштыңзардап шеккені, оның Тараздағы №1 ауруханада екендігі анықталды. Оқиға Тұрар Рысқұлов ауданындағы Садыхан қыстауынан үш шақырым қашықтықта болған. Төтенше оқиға жайлы хабарлама 112 телефонына 23 қаңтарда кешкі уақытта келіп түскен. 

"Оқиға орнына Тұрар Рысқұлов ауданының ТЖ жөніндегі аудандық бөлімінің және Жамбыл облысының ТЖ жөніндегі департаментінің қызметкерлері апат-құтқару іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін дереу жіберілді. 20.30-да оқиға орнына медициналық қызмет көрсету үшін жедел жәрдем бригадасы жөнелтілді", - деп хабарлады Иманқұлов. Апаттың себебін арнайы құрылған комиссия анықтайды. Осы дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети