05 сәуір 2020 10:37

Жамбыл облысында коронавирус жұқтырған 17 адамға қатысты ақпарат шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Бүгін Жамбыл облысында коронавирус жұтырған 17 адам туралы ақпарат шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап. 


Бүгін Жамбыл облысында коронавирус жұтырған 17 адам туралы ақпарат шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысының денсаулық сақтау департаментіне сілтеме жасап. 

Барлық жағдай сырттан келгендерден және ауырған адамдармен байланыста болғандардан анықталған. 

4 науқас Үндістаннан келді. Шетелден келгендер барлығы арнайы автобуспен карантин стационарына жеткізілді. Олар 1984, 1996, 1998, 2000 жылғы адамдар. 

Үш жағдай Қордай ауданында тіркелген. 1975 және 1982 жылғы адамдар бұған дейін Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болғандықтан карантин стационарында жатқан. 1999 жылғы қыз 23 наурызда Қостанайдан "Қостанай-Алматы" пойызымен келген. 

Кеден бекетінде шаралардың қатаңдауына байланысты Қазақстан аумағына кірген адамдар, сонымен қатар, жүк көлігінің жүргізушілері де карантинге жатқызылады.

Нәтижесінде 10 адам анықталған. Олар көршілес елден жүк алып келе жатқан: төртеуі Қырғызстан азаматы, алтауы қазақстандық. 

Барлық науқас жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Коронавирус жұқтырған адамдармен байланысты болғандармен жұмыс жүргізіліп жатыр. 

Еске салайық, бүгін Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 551-ге жетті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети