26 қараша 2022 16:03

Жамбыл облысында оқушылар Мәдениет үйінде оқуға мәжбүр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Жамбыл облысында 130 оқушыға арналған мектептің күрделі жөндеуі бітпей тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.


Жамбыл облысында 130 оқушыға арналған мектептің күрделі жөндеуі бітпей тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Almaty.tv телеарнасына сілтеме жасап.

Тұрар Рысқұлов ауданы, Қарақат ауылындағы шағын ғана мектепті күрделі жөндеу жұмысы маусымда басталған. Жоспар бойынша жаңа оқу жылында пайдалануға берілуі тиіс еді. Алайда құрылыс аяқталмай отыр.

"Балам 9-сыныпта оқиды. Бастауыш сыныптар ауылдағы Мәдениет үйінде оқып жатыр. Бұл жерде оларға ешқандай жағдай жасалмаған. Екі бөлмеде тар жерде оқиды. Ертерек қолға алып, мектепті бітіріп беруін сұраймын. Балалар көрші Абай ауылындағы мектепте оқып жүр", - деді ата-ана Ғалия Алмасбекова.

Мұғалімдер оқу процесіне еш кедергі жоқ дейді. Бастысы мекеме жылы, таза. Алайда Мәдениет үйіне барар жол ыңғайсыздық тудырады. Ал аудандық білім бөлімі өкілдері мерзімнің кешігуін мердігердің жауапсыздығына байланысты дейді.

"Енді мәдениет үйі, ол мәдени іс-шараларына арналған. Оны өзіңіз де біліп отырсыз. Мектептің талаптары бөлек. Санитария нормалар деген болады. Бірақ жұмыстың кешігуіне байланысты қабылданған шешім болды. Басты мақсат оқу процесі тоқтамай жүруі керек. Күрделі жөндеу жұмыстары аудандық білім бөлімі бақылап отыр", - деді Тұрар Рысқұлов аудандық білім бөлімінің басшысы Майра Базарова.

Құрылыстың сапасына сын айтып, бақылау жасайтын адам көп. Жергілікті әкімдік өкілдері 10-15 күнде толық жұмыс аяқталады дейді.

"Қазір мерзімінен кешіктіргені үшін арнайы заң талаптарына сәйкес, мердігер айыппұл төлейді. 10-15 күнде толық жұмыс аяқталады деп жоспарлап отырмыз", - деді Тұрар Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Есеев.

Жоғарғы сынып оқушылары көрші ауылға қатынап оқиды. Білім бөлімі 2 автобус бөлген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети