16 наурыз 2022 09:26

Жамбыл облысында тұрғындар қоқыс полигонын жабуды сұрады

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жамбыл облысындағы Өрнек ауылының тұрғындары Батыс Еуропа-Батыс Қытай тасжолы бойында орналасқан қоршалмаған қоқыс полигонын жабуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.


Жамбыл облысындағы Өрнек ауылының тұрғындары Батыс Еуропа-Батыс Қытай тасжолы бойында орналасқан қоршалмаған қоқыс полигонын жабуды сұрады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Батыс Еуропа-Батыс Қытай тасжолы бойындағы қоқыс полигоны ауыл тұрғындарының наразылығын тудырған. Жел екпінімен ауданда қоқыс шашылып, кейін ол жол жиектері мен жергілікті фермерлердің егістіктерін ластаған. Полигонда тіпті жануарлардың өлекселері де кездеседі.

Сонымен қатар, полигон аумағы қоршалмаған. Өйткені оның темір қоршаулары ұрланған. Жергілікті әкімдік қызметкерлері бұл дерек бойынша полицияға арыз берген, бірақ кінәлілер табылмаған. Осындай қоқыс тастайтын жер Малдыбай ауылының маңында да бар.

"Ақсақалдар мен басқа да ауыл тұрғындары полигон салуға қарсы болды. Әкімдікте жиналыс болған кезде аудан әкімі де қатысты. Мәселе айтылды, бірақ жаба алмайтынын, салынып қойғанын айтты. Сөйтіп, бұл мәселе шешілмей қалды", - деді Өрнек ауылының тұрғыны Бейсебай Қожабергенов.

Бұл мәселе БАҚ-та да жарияланған, алайда бір жыл бойы шешілмей келе жатыр екен. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі кеңесіп жатқанын, жақын арада мәселе шешілетінін айтқан.

Тұрар Рысқұлов ауданы бойынша 14 қоқыс алаңы қоршалған. Ақыртөбе, Ақбұлақ ауылдық округіндегі полигондар тоналған, олардың жағдайы нашар.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.25   490.7   4.96 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети