21 ақпан 2017 18:52

Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғадан кейін полк штабының басшысы мен командир қызметтен босатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: Тұрар Қазанғапов Сурет: Тұрар Қазанғапов

ҚР Қорғаныс министрі 91678 бөлімінің командирі мен штаб басшысын қызметтен босату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы үкімет отырысынан кейін қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров хабарлады.


ҚР Қорғаныс министрі 91678 бөлімінің командирі мен штаб басшысын қызметтен босату туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы үкімет отырысынан кейін қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров хабарлады.

"Полк командирі қызметінен босатылды. Қорғаныс министрі осындай шешім қабылдады. Штаб басшысы да босатылды (...). Майор Брайлинов - полк командирі, майор Шойбеков - полк штабының басшысы", - еді Талғат Мұхтаров.

Сонымен қатар, Мұхтаров қызметтен босатудың әскерилердің қазасына қатысты соталды тергеумен байланысты емес екенін айтты.

"Үкіметтік комиссияның жұмыс қорытындысы бойынша. Қорғаныс министрі оқиға орнына өзі барып, анықтады. Оқу-жаттығулардын өткізу және қауіпсіздік шаралары бойынша сұрақтары болды. Осында босату туралы шешім қабылданды", - деді ол.

Еске сала кетейік, 17 ақпанда Жамбыл облысында әскери жаттығу кезінде қар көшкіні жүріп, жеті адам қаза тапқан болатын."Қазіргі уақытта 91678 әскери бөлімінің қызметкерлері мен жедел жәрдем қызметінің (барлығы 60 адам) оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағы 75 адам, яғни құтқару қызметінің жеке құрамы және жеті арнайы техника Тараз қаласынан жөнелтілген. Қар көшкіні салдарынан қаза тапқан жеті адамның мәйіті табылған", - деген еді ҚР ІІМ-нің төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов. 

Ал кейінірек Бақытжан Сағынтаевтың Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаны тергеу барысын өз бақылауына алатыны хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети