ПОДЕЛИТЬСЯ
29 сәуір 2022 | 14:57
Жаңа Almaty Theatre
Оңтүстік астанада Almaty THEATRE мультифункционалды мәдени кеңістік ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Оңтүстік астанада Almaty THEATRE мультифункционалды мәдени кеңістік ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жаңа театрдың пайда болуы - қала үшін расында айтулы оқиға. Бұл әсіресе ол 45 жылда Алматыда салынған алғашқы жоба болса. BAZIS CONSTRUCTION компаниясы ALMATY THEATRE-дың жоба, құрылыс және техникалық жарықтандыру бойынша жұмыстарын толық істеп, өткізіп берді.
700 орындық көрермен залы және үлкен сахнасы бар жаңа мультифункционалды кеңістік кез келген форматтағы мәдени шараға арналған: балет спектакльдері мен театр қойылымдарынан бастап орасан сиқырға толы шоулар, көрмелер мен сән іс-шаралар өткізуге болады.
ALMATY THEATRE мен қазіргі хореография мектебі қаланың балет өнеріндегі жаңа кезеңге өтеді. Елестетіп көріңіз - әсерлі әуен, ерекше қимыл мен оқу балет класының панорамалық терезесінен көрінетін таңғажайып көрініс. Мұнда болашақ балет әртістері ғана емес, өздері үшін билегісі келетіндер де оқи алады.
Тағы бір ерекшелігі - алматылықтар мен қала қонақтары үшін сәнді орынға айналатын театрда орналасқан интерьері стильді және айрықша жарықтандырылған мейрамханалар мен кофеханалар.
ALMATY THEATRE 8400 м2 саябақ кеңістігімен қоршалған. Авторлық ландшафтық дизайн, көлеңкелі аллеялар мен жарықтандырылған субұрқақтар демалуға, серуендеуге және фотосессия жасауға тамаша орын.
ALMATY THEATRE премьералық қойылымдар мен дайындық жұмыстарын жүргізуге ашық. Жаңа сахнада алғашқылардың бірі болып Борис Эйфманның аты аңызға айналған балетінің әртістері "Анна Каренина" және "Роден" қойылымдарымен өнер көрсетеді. Қазақстан хореографтар одағы төрағасының бірінші орынбасары және гастрольдерді ұйымдастырушы Нұрлан Конокбаев ALMATY THEATRE-дің техникалық мүмкіндіктерін жоғары бағалады.
"Біз әлемдік балет жұлдыздарымен жұмыс істейміз, олар сахнаның, жарықтандырудың, акустиканың және жалпы театрдың техникалық жағдайына өте қатаң талаптар қояды. Егер Борис Эйфманның балет труппасы өнер көрсетуі үшін ALMATY THEATRE-ді таңдаса оның астарында үлкен мән жатыр. Театр сахнасы ерекше. Оның арнайы кәсіби арлекин жабыны бар. Ол тайып кетпейді және айналуға жақсы, ең бастысы, амортизацияның жоғары болуы әртістердің буындарына түсетін жүктемені азайтады. Кез келген театр мұндай жабдықтармен мақтана алмайды", - деп өз әсерін бөлісті Нұрлан Конокбаев.
Оңтүстік астанада ALMATY THEATRE сияқты icon-доминант - демалуға арналған мультифункционалды мәдени кеңістік бар, ол жерге қайта-қайта оралғыңыз келетіні сөзсіз.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Жарнамалық материал
Показать комментарии
Читайте также