20 тамыз 2015 11:19

Жаңа бағам девальвациялық жағдай туғызады - Келімбетов

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов жаңа ақша-кредит саясатына өтудің қажеттілігін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов жаңа ақша-кредит саясатына өтудің қажеттілігін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Инфляциялық таргеттеу - айырбас бағамы емес, келешектегі орта мерзімді инфляцияның келісімді ақша-кредит режимі. Біз соңғы уақытта алдағы 6-12 айда өтеміз деп ойлағанбыз, дегенмен жаңа айтып өткенімдей, алғышарттар жасалып қойды. Еркін ауытқу бағамы - нарық бағамды сұраныстар мен ұсыныстарға орай өзі анықтайды. Біздің осыған өтуімізге байланысты соңғы уақытта көп пікірталас болды. Біз жаңа жүйе ішкі валюта нарығындағы жағдайға күнделікті әсер етіп отырады деп есептейміз", - деді Келімбетов.

"Бағамды нарық анықтағандықтан, девальвацияның болуы күтіледі", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Бүгін ҚР Үкіметі Ұлттық банкпен бірігіп, теңгенің еркін ауытқу бағамына өту туралы шешім шығарды. Мұнда инфляциялық таргеттеу режимінің негізіндегі жаңа ақша-кредит саясатын жүзеге асыруға өту, валюта дәлізін алып тастап, еркін ауытқу дәлізіне өту туралы сөз болып отыр. Мұндай шешім әлемдік экономикадағы жағымсыз факторлардың күшеюінің негізінде қабылданған.

Еске сала кетейік, KASE бойынша доллардың орташа бағамы 256 теңге болды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети