04 қараша 2014 12:25

Жарылқап Қалыбай ардагерлерге келген шығынды өтемеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жарылқап Қалыбай. ©Роза Есенқұлова Жарылқап Қалыбай. ©Роза Есенқұлова

"Аңыз адам" журналының бас редакторы әрі құрылтайшысы Жарылқап Қалыбай Гитлер туралы нөмір үшін соғыс ардагерлеріне шығын өтеу туралы іс бойынша кассациялық шағым келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сөйтіп, жауапкер арызданушыларға 1 миллион 300 мың теңгені төлемеді. 


"Аңыз адам" журналының бас редакторы әрі құрылтайшысы Жарылқап Қалыбай Гитлер туралы нөмір үшін соғыс ардагерлеріне шығын өтеу туралы іс бойынша кассациялық шағым келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Сөйтіп, жауапкер арызданушыларға 1 миллион 300 мың теңгені төлемеді. 

"Иә, ол (Жарылқап Қалыбай - Авт.) кассациялық шағым түсірді. Бірақ шағым аудандық соттан қалалық сотқа келе қойған жоқ. Тіркеген кезде сот отырысы қай уақытқа белгіленетіні анықталатын болады", - деп хабарлады баспасөз қызметінің өкілдері.

Алғашқы инстанциядағы соттың шешімі бойынша Жарылқап Қалыбай соғыс ардагерлеріне 13 миллион теңге төлеуі тиіс болды. Бірақ апелляция алқасы соманы 10 есеге азайтты. Жауапкердің өзі сот шешімін түгелімен әділетсіз деп есептейді. Басылымның бас редакторы "Аңыз адам" журналында Гитлерді мадақтайтын бірде-бір сөз болған жоқ деп мәлімдеген еді. 

Еске сала кетейік, "Аңыз адам" журналы төңірегіндегі дау-дамай сәуір айында басталды. Ұжым журналдың Адольф Гитлердің 125 жылдығына арналған нөмірін жарыққа шығарды. Басылым мақалаларында Гитлер өз халқының құқығы үшін күрескен мықты тұлға ретінде суреттелді. "Аңыз адам" журналының бұл нөмірі қоғам мүшелерінің наразылығын туғызды. Соғыс ардагерлері ұйымының өкілдері бұл жарияланымдар Гитлердің даңқын асқақтататынын айтып, журналды жабуды талап етті.

"Аңыз адам" журналының Гитлерге арналған нөмірі тәркіленді. Оған қоса, Жарылқап Қалыбайға 15 АЕК (27780 теңге) көлемінде, редакцияға (заңды тұлға) 70 АЕК (129 640 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Сонымен бірге, сот оны ардагерлерге 13 миллион теңге төлеуге міндеттеді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети