26 маусым 2014 14:21

Жарылыс құрбандарының отбасына миллион теңгеден беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Оңтүстік Қазақстан облысында оқ-дәріні залалсыздандыру зауытындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден төленеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазақ жарылыс өнеркәсібі" АҚ басқарушы директоры Ринат Исатаев айтты.


Оңтүстік Қазақстан облысында оқ-дәріні залалсыздандыру зауытындағы жарылыстан қаза тапқандардың отбасына миллион теңгеден төленеді. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қазақ жарылыс өнеркәсібі" АҚ басқарушы директоры Ринат Исатаев айтты.

"Қазірдің өзінде зардап шеккендерге алғашқы салттық рәсімдерді көрсетуге 250 мың теңгеден бөлу туралы бұйрықтың жобасы бар. Қаза тапқандардың отбасына біз миллион теңгеден бөлуді ұйғардық, бұйрық бар, бірақ әлі қол қойылған жоқ", - деп хабарлады Исатаев.

Оның айтуынша, кәсіпорында жұмыс істейтін қызметкерлердің бәрі сақтандырылған. "Біз сақтандыру компаниясын хабардар еткенбіз. Қазір компаниямен арада құжаттарды ұсыну жұмыстары басталды. Сақтандыру компаниясынан оқиға орнына өкілдер бару қажет", - дейді басқарушы директоры.

Исатаевтың айтуынша, бүгінде "Қазақ жарылыс өнеркәсібі" АҚ меншігінде оқ-дәріні залалсыздандыратын екі учаске бар: Отар және Арыс станциялары. "Арыста бүгін сағат 07.28-де қайғылы оқиға болды, оның не себепті болғаны белгісіз. Жарылыстан екі адам қаза тапты. Олар - 1988 жылы туған жігіт пен 1980 жылғы қыз. Сонымен бірге, ауысым басшысы жарақат алды", - дейді Исатаев.

"Бізде бірнеше модуль жұмыс істеп тұр. Әр модульдің атқаратын өз функциясы бар: біреуі жарылғыштарды бұраумен, біреуі оқ-дәріні жаюмен, біреуі оқ-дәріні ойып алумен айналысады. Төтенше оқиға осы оқ-дәріні ою жұмыстары жүргізілетін модульде болды", - дейді басқарушы директор.

Қазіргі уақытта кәсіпорында барлық жұмыс тоқтатылған. Оқиға орнына тергеу тобы аттанды, оның құрамында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Қорғаныс министрлігінің және жарылыс болған кәсіпорынның өкілдері бар. Еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасына хабар берілді. "Біз өз тарапымыздан барлық шараны қолға алдық, біздің учаске бастығы қазір марқұм болғандардың туыстарымен кездесуге шықты, біз қолдан келген көмегімізді көрсетуді бастадық", - дейді Исатаев.

Бұған дейін Арыс қаласындағы оқ-дәріні залалсыздандыру кәсіпорнында жарылыс болғаны хабарланған еді. Жарылыстан аман қалған бір адам ауруханада жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети