11 қараша 2014 14:16

Жастар ұлтаралық келісімді сақтауы керек - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©astana.kz ©astana.kz

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды ұлтаралық келісімді сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды ұлтаралық келісімді сақтауға шақырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ұлтаралық келісім - бұл "жандандырғыш оттегі". Біз тыныс алған кезде оны байқамаймыз, бірақ соның арқасында өмір сүреміз. Ал егер уланған ауамен тыныс алатын болсақ, оны бірден байқар едік. Біз өз бірлігімізді, ұлтаралық келісімімізді сақтауымыз керек. Оны біз үшін сырттан келіп біреу істеп бермейді. Ал біреулер сырттан келіп араласқан кезде не болатынын көріп отырсыздар", - деді Қазақстан Президенті халыққа Жолдау арнаған кезде. 

Ол кемелденудің ғаламдық сынағы кезінде қазақстандықтардың ұйымшыл болуы керектігін атап өтті. "Біз барлық қазақстандықтың арасында өзара сенімді нығайтуымыз керек, бір-бірімізге төзімді болуымыз қажет, біз әрқашан солай істедік. Бұл - еліміздің болашағының кілттері", - деді Мемлекет басшысы.

Президент қазіргі жастар жаңа, тәуелсіз елде өсіп келе жатқанына назар аударды. Оның айтуынша, қазіргі балалар ұлтаралық соғыстарды, қақтығыстар мен жанжалдарды, 90-жылдары болған тоқырауды көрген жоқ. "Олардың көбі Қазақстандағы тұрақтылық мен жайлы тұрмысты туғаннан берілетін қалыпты жағдай деп қабылдайды. Алла үнемі солай боларына нәсіп етсін", - деді Назарбаев.

"Тұрақтылық пен келісім деген не? Бұл - отбасындағы амандық, қауіпсіздік, қарапайым адамның басындағы пана. Бейбітшілік - әке болу, ана болу қуанышы, ата-ананың денсаулығы, балалардың бақытты болуы. Бейбітшілік - тұрақты жұмыс, жалақы, ертеңгі күнге деген нық сенім. Бейбітшілік - бұл тұрақтылық, әркім күнсайынғы еңбегімен қорғауы, сақтауы, нығайтуы тиіс жалпыхалықтық жетістік", - деді Президент. 

Ол жастар ұлтаралық келісімді қамтамасыз ету жөніндегі істерді ұрпақтан ұрпаққа жалғастыруы керектігін айтты. 

"Мемлекет жастар үшін, олардың білім алуы мен жұмысқа орналасуы үшін барлық есікті, барлық жолды ашты. "Нұрлы жол" жаңа экономикалық саясаты - біздің озық ойлы, жігерлі жастарымыздың күш салатын жері. Бұл жерден әркім өз орнын таба алады", - деді Президент. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети