Жайықтан бір тонна өлі балық шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жайықтан бір тонна өлі балық шығарылды

Атырауда балықтардың жаппай қырылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстағы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда балықтардың жаппай қырылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстағы өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облыстық орман шаруашылығы және жыртқыштар әлемі аймақтық инспекциясы Жайық өзенінен су құятын құрылғысы бар барлық мекемеге жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізеді.  

"Жайықта балықтың жаппай қырылуына байланысты сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 144-бабы 3-бөлігі 6-тармағына сәйкес Атырау облыстық экология департаменті және Атырау қоғамдық денсаулықты қорғау ұйымына Жайық өзеніне су құятын құрылғысы бар барлық мекемеге жоспардан тыс тексеру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Қазіргі уақытта өзен өлген балықтардан тазартылып жатыр, шамамен бір тонна балық шығарылды", - деді инспекцияның бас маманы Ақмарал Қаукенов. 

Осы жағдайға қатысты веломствоаралық комиссия құрылған, оның құрамында Атырау облыстық балық шаруашылығы басқармасы, мамандандырылған табиғатты қорғау прокуратурасы, экология департаменті, Балық шаруашылығы Қазақ ғылыми-зерттеу институты, ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің территориялық инспекциясы, сондай-ақ ТЖД өкілдері және қалалық қоғамдық денсаулық қорғау басқармасының мамандары кірді. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети