27 мамыр 2016 13:39

Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінің инфрақұрылымына ақша жоқ - Бишімбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінің инфрақұрылымы жергілікті бюджеттің қаражатымен жүргізілуі тиіс, дегенмен бұған әлі қаражат қарастырылмады. Бұл жайында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Шетелдік инвесторлардың Кеңесінің отырысындағы үзілісте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерінің инфрақұрылымы жергілікті бюджеттің қаражатымен жүргізілуі тиіс, дегенмен бұған әлі қаражат қарастырылмады. Бұл жайында ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев Шетелдік инвесторлардың Кеңесінің отырысындағы үзілісте мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Журналистер жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелеріне инфрақұрылым жүргізуге қашан қаражат бөлінетіндігі жайлы сұрады.

"Бюджетте қосымша қор пайда болғанда қаражат бөлінеді. Бұл бюджеттің мүмкіндігіне байланысты. Қазір оны нақты айта алмаймын, бірақ ол жерде инфрақұрылым, газ және электрэнергияға байланысты белгілі бір шығындар бар. Заңға сәйкес жеке тұрғын үй телімдері инфрақұрылыммен қамтылған жағдайда ғана беріледі. Жеке тұрғын үй құрылысына тегін 10 сотық жер бөлу қызметін жергілікті атқарушы орган жүзеге асырыады, ал Ауыл шаруашылығы министрлігіне Жер комитеті берілді. Қазір ол жерде жерге қатысты комитет құрылып жатыр. Ол жерге қатысты мәселелер мен жер кадастрымен және есеппен айналысады", - деп мәлімдеді Бишімбаев БАҚ өкілдері сұрақтарына жауап бере отырып.

"Астана және Алматы қалаларындағы жер беру мәселесі жергілікті бюджеттің мүмкіндігіне байланысты. Жергілікті атқарушы органдар өз бюджетінен инфрақұрылым құрылысына арналған қаражатты қарастыруы тиіс. Себебі олар азаматтарымызға жеке тұрғын үй құрылысына арналған жерлерді тікелей беруі тиіс. Мұның барлығы экономикалық жағдайға, жергілікті және республиканың бюджетінің мүмкіндігіне байланысты Инфрақұрылымға бөлінетін қаражат та жергілікті атқарушы органдардың міндетіне кіреді. Қазіргі таңда экономикалық мәселенің салдарынан елімізде ақша аз болып тұр, сондықтан бұл мәселеде біз оларға ешқандай да қолдау көрсете алмаймыз", - деді ҚР ұлттық экономика министрі.

Еске салайық, Құрылыс істері жөніндегі комитет, Тұрғын үй коммуналды шарушылығы мен жер ресурстары басқармасы ҚР азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысына берілетін 10 сотық жер нормасын түсіндірген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети