Әлеуметтік желілерде таралған Ресейде тырысқақ ауруының өршуі және судың ластанғаны туралы ақпараттар шындыққа жатпайды. Бұл туралы ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде таралған Ресейде тырысқақ ауруының өршуі және судың ластанғаны туралы ақпараттар шындыққа жатпайды. Бұл туралы ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
2022 жылы Қазақстан Республикасында тырысқақ бойынша эпидемиологиялық жағдай қолайлы. Соңғы 10 жыл ішінде тырысқақтың жергілікті жағдайлары тіркелген жоқ.
Сонымен қатар, тырысқақтың әкелінген жағдайлары тіркеліп тұрады, мәселен, 2017 және 2018 жылдары тырысқақтың 5 әкелінген жағдайы (келген туристерден) және 2019 жылы - 4 әкелінген жағдайы (Үндістаннан келген қазақстандық туристерден) тіркелді. 2020-2022 жылдары тырысқақтың әкелінген жағдайлары тіркелген жоқ.
"Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету және елге тырысқақтың әкелінуінің және одан әрі таралуының алдын алу мақсатында Санитариялық-эпидемиологиялық комитеті мен оның аумақтық бөлімшелері (ғылыми орталықтар, департаменттер, обаға қарсы күрес станциялары) тырысқақтың және басқа да ішек инфекцияларының жұғу жолдары мен факторларын ескере отырып, тұрақты эпидемиологиялық бақылау жүргізеді. Жыл сайын эпидемиялық маусымда сыртқы орта объектілеріне (өзен, су қоймалары, рекреация аймақтары) тұрақты бақылау жүргізіледі", - делінген хабарламада.
Жыл сайын ауыз судың 9 мыңға дейін, орталықтандырылған шаруашылық-ауыз сумен жабдықтау суының 2 мыңға дейін сынамасы, ұйымдастырылған жаппай рекреациялық су пайдалану орындарындағы су (демалыс аймақтары, бассейндер, фонтандар, аквапарктер), сондай-ақ тырысқақ бойынша эпидемиологиялық мәні бар жерлердегі судың 6 мыңға дейін сынамасы зерттеледі.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!