02 қыркүйек 2014 13:00

Жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа стратегиясы биыл қабылданады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы 2014 жылдың соңына дейін жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа стратегиясын жасап, қабылдауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы 2014 жылдың соңына дейін жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа стратегиясын жасап, қабылдауды тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгінде құқықтық салада жемқорлықпен күрестің тиімді жұмысына бағытталған бірқатар реформа жасалды, бірақ олар жеткіліксіз. Жылдың соңына дейін 2025 жылға дейінгі антикоррупциялық стратегия қабылдануы керек. Мемлекет қызметтік көлікті жеке мақсатқа пайдалану тиімсіз әрі мүмкін емес болатындай жағдай жасауы қажет. Ол үшін бұл жұмыста әлемнің озық тәжірибесін қабылдау керек", - деді Назарбаев Парламенттің IV сессиясының ашылуында.

Ол қазіргі уақытта халықтың кірісі мен шығысын жалпыға бірдей декларациялауға көшудің заңнамалық өзгерістері дайындалып жатқанын еске салды. Декларациялау 2017 жылдан бастап енгізілуі тиіс. "Жемқорлықтың ең көп қаупі мемлекеттік сатып алулар саласында болып отыр. Кәсіпкерлер мәселесін шешу және жемқорлық қаупін азайту үшін 2014 жылдың соңына дейін Үкімет мемлекеттік сатып алулар туралы заң жобасын жасап, Парламентке ұсынуы тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Бұған дейін Ақордада өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Назарбаев мемлекеттік сатып алулар саласындағы жұмысты тәртіпке келтіру керектігін айтқан болатын.

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети