19 қараша 2014 18:55

Жемқорлыққа қарсы ведомство басшысының бірінші орынбасары қызметтен босады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Лукин. ©nurotan.kz Андрей Лукин. ©nurotan.kz

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметтен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары қызметтен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Андрей Иванович Лукин Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) төрағасының бірінші орынбасары қызметінен босатылды", - делінген хабарламада. 

Лукин бұл қызметті 2012 жылдың ақпанынан бері атқарды, оған дейін, 2005-2012 жылдары қаржы полициясы төрағасының орынбасары болды. 2003-2005 жылдары Индустрия және сауда вице-министрі, 2003 жылы осы министрліктің департамент директоры қызметтерін атқарды. 

Сонымен бірге, әр жылдары "Kazakhstan Engineering" ҰК" АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі жанындағы Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі және Астана тұрғын үй департаментінің директоры болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети