26 маусым 2014 12:27

Жемқорлықтан келген шығынның 70%-ы өндіріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Лукин. ©Тengrinews.kz Андрей Лукин. ©Тengrinews.kz

Қазақстанда мемлекеттік бағдарламаларды орындау кезінде сыбайлас жемқорлықтан келген шығын 70%-ға өндіріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі төрағасының орынбасары Андрей Лукин "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету механизмдері" атты халықаралық конференцияның сыртында айтты.

Оның айтуынша, мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру барысында анықталатын шығындар көлемі миллиардтаған теңгемен есептеледі. "Активтерге, жылжымалы және жылжымайтын мүлікке салынған тыйымды ескерген кезде шығынның өндірілу деңгейі - 70%", - дейді Лукин. Агенттік төрағасы орынбасарының сөзіне қарағанда, жемқорлықтан келген шығынды өндіру сот үкіміне байланысты болады.

Бұған дейін қаржы полициясы 2013 жылы жемқорлық әрекеттерінен келген шығын мөлшерін жария еткен еді. Ведомствоның мәліметінше, мемлекеттік бағдармаларды орындау нәтижесіндегі жемқорлық 6 млрд теңгеден астам қаржының жымқырылуына себеп болған. "Ақ бұлақ", "Жол картасы" "Еңбекпен қамту картасы", тұрғын үй құрылысы, агробизнес және басқа да бағдарламаларды орындау барысында 246 қылмыс жасалған. Қаржы полициясының мәліметінше, жемқорлық себебімен түрлі деңгейдегі 200-ден астам басшы сотталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети