16 қыркүйек 2015 11:49

Жергілікті полиция туралы жаңа заң жолда "қолында ала таяғы бар полицейлердің" көбеюіне әкеледі - депутаттар

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Мәжіліс депутаттары жергілікті полиция қызметі туралы жаңа заң жол бойында алатаяқ ұстап тұратын полицейлердің көбеюіне әкеледі деп ойлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Парламенттің төменгі палатасында "Жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.


Мәжіліс депутаттары жергілікті полиция қызметі туралы жаңа заң жол бойында алатаяқ ұстап тұратын полицейлердің көбеюіне әкеледі деп ойлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Парламенттің төменгі палатасында "Жергілікті полиция қызметінің жұмысы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасы қаралды.

Ішкі істер министрі Қалмұхамбет Қасымов бұл заң жобасының ҚР жергілікті атқару оргнадарына есеп беретін жергілікті полиция қызметін құруды қарастыратынын айтты. 

Есепті тыңдаған депутаттарды кейбір мәселелер алаңдатты. "Біз осы заң жобасын қабылдай отырып жергілікті полицейлердің қызметін жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз етумен ауыстырамыз. Олар қолдарына таяқ алып тағы да жол бойында тұратын болады. Осы функцияны алып тастауға келісесіздер ме?", - деді депутат Мұхтар Тінекеев ішкі істер министріне.

"Осы қызметтерді біріктіру арқылы тиімділікке қол жеткіздік. Біріншіден, біз олардың қызметтерін нақты белгілеп бердік, енді оны жіті қадағалаймыз. Бір жерде отырудың орнына қолына таяқ алып жолға шығып кететін қызметкерлер бар. Біз бұларды доғару үшін арнайы шаралар қолданамыз. Бәрі бірден болмайды, дегенмен қызметтерді біріктіру арқылы барлық полицейге көшеде де, аулада да, жолдарда да қауіпсіздікті қамтамасыз ету керектігін тапсырдық. Яғни жол полицейлері төбелесіп жатқан адамдардың қасынан құр өтіп кетпейтіні сияқты, жергілікті полицейлер де кіреберіс маңына қойылған көліктердің жанынан өтіп кетпейді", - деді министр Қалмұхамбет Қасымов. 

Осыған дейін хабарланғандай, Қазақстанда жергілікті полиция 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап жұмыс істейді. Бұл туралы ОҚҚ брифингінде ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Игорь Лепеха айтты. Әкімшілік полиция комитеті басшысының айтуынша, Жергілікті полиция қызметі туралы заң жобасының концепциясына сәйкес, оның құрылымына келесі бөлімдер кіреді: учаскелік полиция инспекторы және олардың көмекшілері, ювеналды полиция, аймақтық бөлімшелер мен мектеп инспекторлары, әйелдерді зорлықтан қорғау бөлімшесі, табиғатты қорғау полициясы бөлімшесі, тұрғылықты жері жоқтарды және әкімшілік жазаланғандарды қабылдау-тарату бөлімшесі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети