18 қазан 2022 | 08:25

Жетісу облысының Елтаңбасы бекітілді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

Жетісу өңірінің Елтаңбасы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жетісу өңірінің Елтаңбасы бекітілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның авторы Жетісу облысы Талдықорған қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығының әскери патриоттық жұмыс және Қарулы Күштер ардагерлерімен жұмыс жөніндегі көмекшісі, сонымен бірге, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркем академиясының корреспондент-мүшесі, вице президенті Дәуренбаев Есет Жеңісұлы.

Ведомство мәліметінше, өңірлік төлтаңба Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Мемлекеттік рәміздер және геральдикалық белгілер мәселелері жөніндегі сараптама кеңесінде сараптамадан өтті және облыстық мәслихатпен келісілген.

Реклама
Реклама

"Елтаңба шеңбер ішінде орналасқан, Мемлекеттік Тудың көк және алтын түсіне негізделіп құрылды.

Негiзгі нышандардың бірі - шаңырақ, Жетісу жерінің асқарлы, биік таулары,Талдықорған қаласының символы "Жетісу монументі", Ұлы Жібек жолының нышаны - керуен көші, жеті өзен, Балқаш, Алакөл көлдерінің айдыны бейнеленген", - делінген хабарламада.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram