16 қыркүйек 2014 13:40

Жириновский үшін кешірім сұрады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Олег Нилов ©bloknot.ru Ресей Мемлекеттік Думасының депутаты Олег Нилов ©bloknot.ru

Су ішкен құдығына түкіруден еш жалықпайтын орыс саясаткері Владимир Жириновский мәселесі Ресейдің Мемлекеттік думасында қаралатын болды. Бұл туралы кеше Астанада өткен социал-демократтардың халықаралық конференциясында Мемлекеттік дума депутаты Олег Нилов мәлімдеді деп хабарлайды, - "Алаш айнасы".

– Мен оның бұл пасық әрекеті үшін кезекті рет кешірім сұраймын. Ол (Жириновский) жол берілмеуі тиіс халықаралық арандатушылыққа бара береді. Оның келесі деңгейі енді фашизм болып табылады. Басқа мемлекеттердің парламентінде, аттарын атамай-ақ қояйын, ондайлар пашкілеп жүр, ал Ресейде ол біреу ғана, осынысы бізге кішкене болсын көңілге демеу. Бірақ бұл оның бүкіл оспадар қылығына төзіп, бетіне жіберіп қою керектігін білдірмейді, – дейді Олег Нилов.

Жириновскийдің Қазақстанға қатысты айтып жүргендерінің барлығын орыс депутаты арандатушылық әрекет деп бағалады.

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети