15 қыркүйек 2014 17:06

Жоғары оқу орындарындағы пара көлемі белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Астанада партиялық бақылау комитетінің отырысында Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы сессия тапсыру құны жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астанада партиялық бақылау комитетінің отырысында Қазақстанның жоғары оқу орындарындағы сессия тапсыру құны жария болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Нұр Отан" партиясының "Жас Отан" жастар қанаты "STOPҚылмыс" партиялық жобасы шеңберінде "Таза сессия" акциясын өткізді - Қазақстан студенттері арасында сауалнама алынды. Жауаптардың негізінде ЖОО-лардағы пара көлемі анықталды. "Жас Отан" жастар қанаты атқарушы хатшысы Нұрлан Сыдықовтың айтуынша, оқу орындарындағы түрлі қызмет ақысының бейресми прайс-парағы жасалды.

"Мысалға, ЖОО-лардың бірінде 12 мың теңгеге бір пәннің емтиханын тапсыруға болады, келесі бір оқу орнында бұл қаржыға бүкіл сессияны тәмамдауға болады. Ел бойынша сессия тапсырудың орташа құны - 29 мың теңге, бір пәннің емтиханын тапсыру - шамамен 5 мың теңге. Курстық жұмысты сатып алудың орташа құны - 13 мың теңгеге жуық. Ең арзандары 2-3 мың теңгеден басталады. Республика бойынша дипломдық жұмыстың орташа құны 60 мың теңгеге тең. Ең арзан жұмысты 30 мың теңгеге сатып алуға болады", - дейді Сыдықов партиялық бақылау комитеті, "Жас Отан" жастар қанаты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық кеңестің бірлескен отырысында.

Жатақханадағы орынды қаншаға сатып алуға болатыны да жария етілді - орташа есеппен 15 мың теңге. Бұған қоса, ақылы бөлімнен грант бойынша оқуға ауысу құны - 500 мың теңге, кейбір облыстарда - 100 мың теңгеге жуық. Орташа баға 250 мың теңге болып отыр. Әскери кафедраға түсу мен онда білім алу үшін 500 мың теңге төлеу керек.

"ЖОО-лардағы сыбайлас жемқорлықтың студенттердің оқуға құлшынысының болмауы (20,8%), бақылаудың болмауы (18,3%), оқытушылар құрамы жалақысының аздығы (17,3%), кәсіпқойлықтың төмен деңгейі (12,6%) сияқты себептері бар. ЖОО түлектерінен жұмысқа орналасу жөнінде жалған анықтама талап ету деректері де анықталды. Сауалнамаға қатысқандардың 90 пайызы оқу орындарында жемқорлық бар екенін және оған жастардың көзқарасы қалыпты екенін айтты", - деді ол.

Сыбайлас жемқорлық деректері көбіне емтихан-сынақ тапсыру, сабақтан қалу, диплом және курстық жұмыстарды тапсыру кезінде кездеседі. Студенттен оқытушыға пара жеткізушілер, негізінен, старосталар, бейресми көшбасшылар және оқытушының таныстары. 

"Біздің ұсынысымыз: мамандардың өз мамандығы бойынша білімін растау үшін жыл сайын лицензиялау, білім беру жүйесіндегі жемқорлық деректерін айыптайтын веб-сайт жасау, "Таза сессия" акциясын жыл сайын жүргізу, сабаққа қатысу мен оқу үлгерімі жөніндегі ақпаратты университеттердің онлайн-порталдары арқылы жалпыға қолжетімді ету", - деді Сыдықов.

"Таза сессия" акциясына 62 ЖОО-дан барлығы 1200 адам қатысты. Респонденттердің орташа жасы - 20-да. Қатысушылардың 93,4 пайызы бакалавриат бойынша, 5,2 пайызы магистратурада, 1,4 пайызы докторантурада оқып жатыр. 40 пайызы грант бойынша, 60 пайызы коммерциялық негізде білім алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети