06 наурыз 2015 14:49

Жоғары сыныптарда барлық пән ағылшын тілінде өтуі тиіс - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

©langprofi.com ©langprofi.com

Жоғары сыныптарда барлық пән ағылшын тілінде өтуі тиіс. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен әйелдермен кездесу барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жоғары сыныптарда барлық пән ағылшын тілінде өтуі тиіс. Бұл туралы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада өткен әйелдермен кездесу барысында мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Біз былай істеп жатырмыз, ағылшын тілін бірінші сыныптан бастап оқыту керек болады. Ал 11-12 сыныптарда сабақтар ағылшын тілінде өтуі тиіс", - деді Назарбаев.

Мемлекет басшысы Малайзияның тәжірибесін мысал ретінде келтірді. "Соғыстан кейін тәуелсіздік алып, малай тілін мемлекеттік тіл деп жариялауға шешім қабылдады. Бірақ оны әлемде ешкім білмейді. Сөйтіп қайтадан ағылшын тіліне ауысты. Сингапурда да дәл солай. Ұнайды, ұнамайды емес, бәрі сол тілде (сөйлейді), барлық интернет кеңістік, барлық ІТ технология. Бізге балаларды үштілділіккке үйрету керек", - деді ол.

"Бізде мемлекеттік тіл - қазақ тілі, ол сақталуы тиіс. Біз бәріміз осы тілде оқуымыз керек. Орыс тілі - ықпалдастық тілі", - деді Президент. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети