24 қазан 2017 12:05

Жол апатынан екі аяғынан айырылған қыз сотта оқиғаның мән-жайын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатынан екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева сотта оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы іс бойынша басты сот отырысы Бостандық аудандық № 2 сотында судья Арай Нұғыманованың төрағалығымен басталды.


Алматыдағы әл-Фараби даңғылында болған жантүршігерлік жол апатынан екі аяғынан айырылған Екатерина Парафиева сотта оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Осы іс бойынша басты сот отырысы Бостандық аудандық № 2 сотында судья Арай Нұғыманованың төрағалығымен басталды.


Судья мен прокурор. © Tengrinews.kz

Сотталушы ретінде автобус жүргізушісі Дәурен Жаңабаев келді. Ол ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 2-бөлігі (Абайсызда адамның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соққан көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша айыпталып отыр.


Сотталушы Дәурен Жаңабаев адвокатымен бірге. © Tengrinews.kz

Сотта жәбірленуші Екатерина Парафеева сөз сөйледі: 

"Оқиға 16 маусымда болды. Әріптесім Найлямен жұмысқа бара жатқанбыз. Достық пен әл-Фараби даңғылдарының қиылысындағы жұмыстан сағат шамамен түскі бірде Саин көшесіне қарай шықтық. Күн ашық еді, жолда көлік аз болды. Сол жақ жолақпен келе жаттық, Тұңғыш Президент Саябағына жетер тұста келе жатқанбыз. Науаи көшесіне жетер тұста жолда шығып тұрған бір затты байқадық, шамамен 13.15-13.20 еді. Жолдағы затты көріп, жылдамдықты азайттым, айналып өткім келді. Жанынан өткенде көлік сәл теңселді, жарылғандай дыбыс болды, көлік әрлі-берлі теңселді. Көлікті тоқтата алдым. Шеткі жолақта тұрдым. Осыдан кейін апат дабылын қостым. Люкке қатты соққы болғандықтан, дөңгелектің жарылған-жарылмағанын білмедім".


Жәбірленуші Екатерина Парафиева адвокат Жанна Оразбаховамен сотта. © Tengrinews.kz

Парафиеваның айтуынша, тоқтағаннан кейін ол дөңгелекті тексеру үшін далаға шығыпты.

"Жүргізуші жақтан шығып, дөңгелекті көрдім, шина түгелдей бүлініпті, диск майысқан. Бірден жүксалғышқа жақындап, апат белгісін алғым келді. Жүксалғышқа жақындағанымда артымда маған қарай жүйткіп келе жатқан Toyota Camry көлігін байқадым, осы кезде соққы болды, мен ештеңе де істей алмадым. Көліктің жылдамдығы жоғары болды, автобусты байқамадым. Соталды тергеудің жасап отырған тұжырымымен келісемін", - деді жәбірленуші.

Еске салайық, бұл жол апаты 16 маусымда әл-Фараби даңғылының бойында болған. Екі қыз Honda CRV көлігімен батыс бағытқа қарай жүріп келе жатқанда люкті басып өтіп, дөңгелегі жарылған. Қыздар дөңгелекті тексеру үшін далаға шыққан. Осы кезде бұл бағытта Toyota Camry көлігі ортаңғы жолаққа ауыспақ болған. Маневр жасау кезінде көлікті автобус соққан, Соққыдан Toyota Camry Honda көлігіне қарай ұшып кетіп, екі қыз көліктердің ортасында қалып қойған. Кейін Екатерина Парафиеваның екі аяғынан айырылғаны анықталды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети