03 наурыз 2021 14:40

Жомарт Ертаев тағы 9 жылға сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-банкир Жомарт Ертаев екінші қылмыстық іс бойынша тағы да түрме жазасын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Экс-банкир Жомарт Ертаев екінші қылмыстық іс бойынша тағы да түрме жазасын алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот үкімімен Ертаев аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны және жалған құжаттар дайындағаны үшін кінәлі деп танылды. Ол тоғыз жылға бас бостандығынан айырылды және материалдық жауап артылатын қызметпен айналысу құқынан 10 жылға айырылды. Ертаев жазасын орташа қауіпсіздік колониясында өтейді.

Сондай-ақ, осы қылмыстық іс бойынша тағы бес адам сотталды. Мәселен, кәсіпкер Нұрлан Тілеубаев аса ірі көлемдегі алаяқтық пен жалған құжаттар жасауда кінәлі деп танылды. Ол орташа қауіпсіздік колониясында 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол да 10 жылға материалдық жауап артылатын лауазымға ие болу құқынан және мемлекеттік марапаттарынан айырылды.

Басқа айыпталушылар Әлімжан Тілеубаев пен Серік Атабай орташа қауіпсіздік колониясында 5 жыл 6 айға сотталды. Ақан Сұлтанов мерзімнің аяқталуына байланысты жазадан босатылды. Ал алтыншы айыпталушы Оксана Шестакова орташа қауіпсіздік колониясында 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Сот жаза тағайындау кезінде кінәні жеңілдеткен жағдайларды ескерді. Олар: бірінші сотталығы, кінәні мойындау, жасаған ісіне шын жүректен өкінуі, сотталушылардың қылмысын ашуға белсенді көмегі, басқа да сыбайластарын әшкерелеуге ықпал ету, Ертаевтың, Сұлтанов пен Әлімжан Тілеубаевтың кәмелетке толмаған балаларының болуы, сондай-ақ Шестакованың жүктілігі", - делінген сот хабарламасында.

Сотталушылардың мүлкі мен ақшалай қаражаты шығынды өтеу есебіне беру туралы қаулы шығарылды.

Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісіне қатысты сот 2019 жылдың аяғында басталған болатын. Тергеу деректеріне сүйенсек, қылмыс 2011-2017 жылдар аралығында жасалған. 

Былтыр 16 қарашада Алматыда Жомарт Ертаев пен Bank RBK-дан 144 миллиард теңге жымқыру ісі бойынша басқа да айыпталушыларға қатысты үкім шықты. Экс-банкир Жомарт Ертаев 11 жылға сотталған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети