16 сәуір 2015 19:31

"Жұлдыз" радиосы Қарағанды облысының тұрғындарына қолдау көрсету марафонын өткізеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Жұлдыз" радиосында Қарағанды облысындағы су тасқынына арналған "Таңғы шоу" радиомарафоны 17 сәуірде таңғы сағат 8.00-10.00 аралығында өтеді. 


"Жұлдыз" радиосында Қарағанды облысындағы су тасқынына арналған "Таңғы шоу" радиомарафоны 17 сәуірде таңғы сағат 8.00-10.00 аралығында өтеді. 

Жүргізушілер Нұрғиса Әлмұрат пен Айжан Кәрібай зардап шеккен өңірдің соңғы жаңалықтарын айтып береді, бұдан кейін олар екі сағат бойында Қазақстанның 10 қаласындағы гуманитарлық көмек қабылдау пункттерімен байланысқа түседі. Жүргізушілер қазақстандықтардың су алған ауылдардың тұрғындарына көмек қолын қалай созып жатқаны жайлы сұрастырып білмекші. Қазіргі уақытта азық-түлік, киім, дәрі және тұрмыс заттары Алматы, Астана, Шымкент, Тараз, Қарағанды және тағы да басқа қалаларда жинастырылып жатыр. Қабылдау пункттеріндегі еріктілер "Жұлдыз" радиосына зардап шеккендерге тағы қандай көмектің қажет екенін, оларды қалайша жеткізіп беруге болатынын айтып береді.    

Марафон аясында радиожүргізушілер тыңдармандардан телефон қабылайды - олар өз көздерімен көрген жайтты, өңірдегі жағдайды хабарлайды. Марафонға Қазақстанның танымал әншісі әрі композитор Еркін Нұржанов шақырылған. 

Еске салайық, 23-29 наурыз аралығында Қарағанды облысындағы төрт ауданның су астындағы қалғаны тіркелді. Тасқынның екінші толқыны 6 сәуірде басталды. Уәкілетті органдардың хабарлауынша, 50 елді мекен су астында қалған. Ақмола, Қарағанды, Павлодар және Шығыс Қазақстан облыстарының 17 ауданынан 1149 үй көшірілді. Нұра өзені бойында орналасқан Ақмола облысындағы он ауыл мен Астананың шетіндегі елді мекендерді су басу қаупі әлі де бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети