03 қазан 2021 13:26

"Журналистика мамандық емес, миссия" - Жолдас Өрісбай Ottegi қонағы болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© massaget.kz © massaget.kz

Massaget.kz сайтындағы Ottegi Podcast жобасының бесінші эпизодының қонағы - журналист Жолдас Өрісбай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Massaget.kz сайтындағы Ottegi Podcast жобасының бесінші эпизодының қонағы - журналист Жолдас Өрісбай болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жолдас өмірлік миссиясына айналған журналистикаға 2014 жылы аяқ басқан. Отандық бірнеше медиада қызмет істеген ол қалам қуатын арттыру үшін мұхит асуға бел буады. "Болашақ" бағдарламасы бойынша Мичиган университетінде білімін шыңдап, жақында елге оралды.

Ол эпизодта журналистика, саналы қоғам, сауатты білім беру-алу туралы әңгімеледі.

Жолдас Өрісбай "Журналистиканы оқу керек пе?" деген сұраққа да жауап берді. 

"Менің ойымша, теориялық білім керек, сіз бакалавр бітіргеннен кейін журналистикаға келсеңіз, көп уақытты жұмысқа жұмсайсыз. Сол кезде қосымша оқуға, білімді тереңдетуге уақыт жетпеуі мүмкін. Ал жұмысқа жұмсайтын уаққытты белгілі бір уақытта толық оқуға жұмсасаңыз, аз уақытта үлкен серпін алатын деңгейге жетесіз. Әрине бәрі адамға байланысты. Бір адамдар магистратураға түсіп, еш нәрсе үйренбей келуі мүмкін. Қызығушылығына, ортасына байланысты, қандай ғалым, профессорлармен сөйлеседі, білім алады. Ал өзім магистратураға 2 жыл жұмсағаныма өкінген емеспін", - дейді ол. 

Подкастты мына жерден тыңдай аласыздар:

Time code:
00:00:18 -  Алғысөз
00:00:54 – Жолдас Өрісбай кім? Қонақтың өзін таныстыруы
00:02:41 – Мичигандағы өмір, білім, журналистика туралы
00:04:03 – Детройт туралы деректі фильм, зерттеген жұмыстарына шолу
00:07:14 – Қазақ, орыс, ағылшын медиасының ерекшеліктері
00:09:40 – Журналистиканы оқу керек пе?
00:12:50 – Не себепті АҚШ-та оқуды таңдады?
00:15:40 – Студенттің пікірі бір курстың тағдырын шешеді Мичиган университетіндегі қызықты кейстер
00:18:10 – КСРО экономикасын зерттеуі
00:23:31 – Фотожурналистика: Рузвельт әдісі. Сурет өнерінің құдыреті
00:26:00 – Селтеткізер: Жолдас айтқан суреттерге пікір
00:27:00 – «Екі деңгейлі қоғамға айналып кеттік»
00:27:45 – «Өзендегі шошқалар» немесе өнердің қоғамдағы рөлі
00:29:30 – 12 студент тастап кетіп, өзі ғана оқыған сабақ жайында
00:37:49 – Америкалық журналистік мектептердің артықшылығы
00:43:35 – АҚШ медиасында жарияланған 13 мақала қалай жазылды?
00:52:08 – Профессор Полсон
00:53:01 – Селтеткізер: Жолдас кітаппен қалай достасты немесе Әкеге алғыс
00:54:00 – АҚШ-тағы соңғы сайлауда БАҚ қалай жұмыс істеді?
1:06:00 – Трамптың билікке келуіне не себеп болған?
1:13:35 – Қандай кітап көзқарасты өзгертті? Қай кітап пікір қалыптастыруға әсер етті?
1:21:45 – Дұрыс қоғам құру үшін не істеу керек? Алғашқы қадамды неден бастаған дұрыс?
1:24:40 – Кез келген журналист ағылшын тілін білгені абзал. Оларға қандай кеңес берер едің?
1:28:29 – Селтеткізер: Ерболды медиаға алып келген – Жолдас
1:30:00 – Мэйл.ру-дағы бір суреттің тарихы
1:34:00 – Замандас журналистерге не айтар едің?
1:35:35 - Соңы. Подкастер сөзі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.14   490.7   4.94 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети