11 мамыр 2016 09:29

Жыл соңына дейін Астана 9 мың гектарға кеңейтіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© khabar.kz/kz © khabar.kz/kz

Осы жылдың соңында Астана қаласының шекарасы 9 мың гектарға кеңейтіледі, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы. Тілшілердің мәліметінше, елорда іргесінде жаңа демалыс орындары мен нысандар бой көтереді.


Осы жылдың соңында Астана қаласының шекарасы 9 мың гектарға кеңейтіледі, - деп хабарлайды "Хабар" телеарнасы. Тілшілердің мәліметінше, елорда іргесінде жаңа демалыс орындары мен нысандар бой көтереді.

Назарбаев жыл сайынғы халыққа Жолдауында халықаралық әуежайды кеңейту қажеттігін айтқан болатын. Осыған орай қала әкімдігі іргені кеңейтуге 3340 гектар жер бөлді. Қазір онда үлкен әуежайдың құрылысы жүріп жатыр. Сонымен қатар, шаһарды одан сайын үлкейту мақсатында тағы 7300 гектар бөлінді. Майбалық көліне дейін. Ол жер тұрғындар демалатын орын болмақ.

Жер қатынастары және жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасының басшысы Төлеуғазы Нұркеновтің айтуынша, бұл мәселені қоғамдық кеңес қарап, мақұлдапты. "Енді мәслихаттың сессиясына шығарып, олардың шешімімен әкімшіліктің қаулысын дайындап, Ақмола облысына жібереміз. Олар өздері шығарады ондай документтерді, солардың барлығын реттеп, Үкіметке жібереміз. Үкімет қаулы қабылдайды. Соның негізінде Президент Жарлық шығарады. Осы қаланың шекарасын үлкейту мақсатында", - деді Нұркенов.

Осыдан кейін тілшілер Майбалықтың қазіргі жағдайын көру үшін түсіру тобымен арнайы барыпты. "Әзірге көлдің айналасында қамыс пен шөптен басқа ештеңе жоқ. Эльвира Тағайқызы, тілші -Майбалық көлі қаладан онша алыс емес. Тіпті әуежайдың артында тұр десек болады. Болашақта мұнда жағдайдың барлығы жасалмақ. Құм төселіп, арнайы үйлер салынбақ. Сонда отбасымен келіп демалатындар суға шомылып, арнайы салынған үйлерде тамақтанып, тыныға алады", - дейді тілші. 

Мәліметтерінше, демалыс аймағының жағдайы жақсы. Тек қаладағы желмен келетін жағымсыз иіс жоспарды бұзуы мүмкін. Бірақ оның да алдын алу шаралары басталып кеткенін көрдік. Арнайы техникалар мен жұмысшылар Талдыкөл мәселесін түбегейлі шешуге кірісіпті.

Естеріңізге сала кетейік, Елбасы EXPO көрмесін өткізуге қатысты кеңейтілген жиында әкімдік басшыларына сарқынды судан келетін иісті осы жылы жоюды тапсырған болатын. Сонымен қатар, елорданың басқа бір шетінен тағы жер бөлінуде. Бас жоспар бойынша ол араға екі жаңа қорым салынбақ. Себебі қазіргі зиратта адам жерлейтін орын жоқ. Айтпақшы, еліміздегі кез келген қала мен даланың даму жоспарын жергілікті билік өзі пішіп, шешім шығара алмайды. Оған қоғамдық кеңес те тартылу керек. Бұл Елбасының "100 нақты қадам Ұлт жоспары бағдарламасында көрініс тапқан. Президент мемлекеттік органдардың әлеуметтік маңызды мәселелерді қоғаммен ашық та, сындарлы диалог құру арқылы шешудің маңыздылығын атап кеткен болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети