23 қаңтар 2014 16:40

Қадыр Мырза Әлиге ескерткіш тақта қойылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Айтжан Мырзанов Фото ©Айтжан Мырзанов

Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен Қазақстанның халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің құрметіне қайраткердің 1971-1993 жылдары тұрған Алматы қаласы Жамбыл көшесі 163-үйге ескерткіш тақта орнатылды деп хабарлайды Tengrinews.kz Шараға Алматы қаласының әкімі А.Есімов, Астана, Алматы қаласынан зиялы қауым өкілдері, ақынның туған-туыстары қатысты Бұған дейін қазақтың ұлы ақынына ескерткіш тақта орнатылатыны жөнінде «Қадыр Мырза Әлі» қоғамдық қорының директоры, белгілі әнші-сазгер, ҚР еңбек сіңірген қайраткері Донеділ Қажымов хабарлаған болатын. Сонымен Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовтің арнайы шешімімен ақын дүниеге келген қаңтар айында ескерткіш тақта қою шарасы салтанатты түрде жүзеге асты. Сондай-ақ Орал қаласында ақын атындағы шығармашылық орталық салынуда. Ол да алдағы жылы пайдалануға берілмекші. Қ.Мырза Әли жетпістен астам поэзиялық, прозалық, әдеби сын кітаптарының авторы, ақынның 200-дей өлеңіне ән жазылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети