06 мамыр 2015 11:32

Қапшағай билігі ҰОС ардагерлеріне сыйлаймыз деген көліктерін бермейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz мұрағатынан Tengrinews.kz мұрағатынан

Қапшағайдың билік өкілдері Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне берген уәдесінде тұрмады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қапшағай әкімі Сәтжан Кикикмов телеарналардың біріне берген сұхбатында Алматы облысының бюджеті есебінен ардагерлерге автомобиль дайындап жатқанын айтқан болатын. Кейін ардагерлерге аталған сыйлықтың берілмейтіні белгілі болды.

Tengrinews.kz тілшісі оқиғаның мән-жайын анықтау үшін Қапшағай әкімінің орынбасары Ескендір Сергебаевқа хабарласты. Оның айтуынша, ҰОС ардагерлеріне көлік сыйлау туралы ешқандай уәде бермеген, тек ол жоспарланған. Кейін ол осы уақыт аралығында демеуші табылмағанын айтты.

"Көлік сыйлау туралы уәде берген жоқпыз, біз тек осындай сыйлық жасауды ойладық. (...) Біз жыл сайын 9 мамырға орай ҰОС ардагерлеріне қандай сыйлық жасауға болатынын ойланамыз. Ия, бұл туралы айттық. Кейін басқа аудандар мен облыстан ардагерлер қандай да бір жолмен машина алу үшін Қапшағайға келе бастайды деп ойладық. Бюджетте автомобиль сатып алуға қаражат мүлде қарастырылмаған, - деді Сергебаев. - Енді ҰОС ардагерлерін басқаша қуантуға тырысамыз. Олардың ренжулі екенін білеміз (...). Әкім барлық ардагердің үйіне жеке барып, болған жағдайды түсіндіріп, кешірім сұрады. Ең бастысы ықылас емес пе? Біз шынымен де сыйлағымыз келді", - деді әкімнің орынбасары.

Айта кетейік, ренжулі ардагерлер сайт редакциясына хабарласып, болған жағдайды мәлімдеген болатын. Еске сала кетейік, 5 мамырда Қапшағайға  Волоколамскіден Мәңгілік алау шырағы әкелініп қойылды. Енді Қапшағай мен Волоколамск ағайынды қалалар атанды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети