10 шілде 2014 12:57

Қарағанды маңында болған дүмпу - бірегей құбылыс

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Божко. ©Ярослав Радловский Владимир Божко. ©Ярослав Радловский

Қарағанды маңында болған жер сілкінісі - бірегей құбылыс. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды маңында болған жер сілкінісі - бірегей құбылыс. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысындағы Көкпекті елді мекенінде болған брифингте министр қазір Ұлттық сейсмология орталығы сарапшыларының Қарағанды маңында 21 маусым күні болған зілзаланың себебін анықтап жатқанын хабарлады. "Болған жер сілкінісі - бірегей құбылыс. Мұндай сілкіністің бұрын-соңды болғаны есімде жоқ, оның үстіне, Қарағанды облысы сейсмикалық жағынан белсенді өңір саналмайды", - деді Божко.

Оның айтуынша, сарапшылар бұл өңірде жер сілкінісінің қайталану қаупі бар-жоғын анықтайтын болады. "Сарапшылардың нәтижесі тосын болуы мүмкін, сол себепті алдын ала болжам айтып, күні бұрын қорытынды шығару қиын. Сейсмологиялық станция құрылысын салу мәселесі әлі де ашық күйінде қалып отыр. Ол менің құзырымдағы мәселе емес, сол себепті Қарағандыда станция ашылады деп айта алмаймын", - деді ТЖМ басшысы.

Қарағанды маңында жер сілкінісі 21 маусым күні күндіз болған еді. Магнитудасы - 4,8. Эпицентрі Қарағандыдан 33 шақырым қашықтықта, Абай қаласынан жеті шақырымда орналасты. Алғашқыда жер сілкінісі аймақтағы көмір шахталарында жүргізілген жұмыстармен байланысты болуы мүмкін деген топшылаулар айтылды, дегенмен кейін сейсмологтер зілзаланың техникалық емес, тектоникалық сипатта екенін хабарлады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети