30 маусым 2016 10:57

Қарағанды облысында өзін-өзі жарып жіберген лаңкестің Ақтөбедегі терактімен байланысы жоқ - ҰҚК басшысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҰҚК басшысы Владимир Жұмақанов Қарағанды облысында өзін-өзі жарып жіберген лаңкес пен Ақтөбедегі терактініның байланысы жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҰҚК басшысы Владимир Жұмақанов Қарағанды облысында өзін-өзі жарып жіберген лаңкес пен Ақтөбедегі терактініның байланысы жоқ екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Алты адам ұсталды, біреуі өзін-өзі жарып жіберді. Жергілікті тұрғындар - барлығы Қазақстан азаматы. Ағымдары - салафиттер", - деп мәлімдеді ол палаталардың біріккен отырысынан кейінгі үзілісте. 

Олардың қай қалаларда теракт ұйымдастырғысы келгендігі туралы сұраққа ол былай деп жауап қатты: 

"Қарағанды аймағында".

"Ал ұсталғандар Ақтөбедегі жағдаймен байланысты ма?" деген сұраққа ҰҚК басшысы "Жоқ, бұл Ақтөбемен ешқандай да байланысы жоқ", - деп мәлімдеді.

Еске салайық, Қарағанды облысында лаңкес өзін-өзі жарып жіберген еді. "2016 маусымда Балқаш қаласында және Қарағанды облысындағы Гүлшат елді мекенінде қолдан жасалған жарылғыш заттарды қолдана отырып, террористік актілер ұйымдастыруды жоспарлаған радикал топтың жолы кесілді", - деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметіндегілер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети