17 сәуір 2015 16:34

Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинауға есепшот ашылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинауға есепшот ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккендерге қаражат жинауға есепшот ашылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс билігі азаматтарды зардап шеккендерге көмек қолын созуға шақырып жатыр және қаржы аударымдарын жасауға болатын реквизиттерді ұсынды.

"Bank RBK" АҚ Қарағанды қаласы
БИК KINCKZKA
ИИК KZ098210139812154223
КБе 18

Айта кетейік, Қарағандыда су тасқынынан зардап шеккендерге көмек көрсетумен айналысатын қоғамдық қор ашылды. Оған соғыс пен еңбек ардагерлерінің облыстық кеңесінің төрағасы Оралды Төреғожин басқарады. Қордың құрылтайшылары: Ұлттық кәсіпкерлер палатасының филиалының директоры, Қарағанды облыстық Азаматтар альянсының президенті Наталья Вшивцева, Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің Ассоциациясының атқарушы директорының орынбасары Серік Санаубаев. 

Қарағанды облысында зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету пункті жұмыс жасап жатыр. Оны "ҚР Қызыл Ай қоғамы" қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облысының филиалы Қарағанды облысы әкімдігімен ашты. Бекет күн сайын мына мекен-жай бойынша жұмыс істеуде: Қарағанды қ., Кривогузов көш., 3, тел. +7 (7212) 414346, karaganda@redcrescent.kz.

Облыс әкімдігінің баспасөз өкілдерінің айтуынша, осы жылдың 17 сәуірінде Бұқар жырау ауданына гуманитарлық көмекпен үш газель және бір минивен шықты. Зардап шеккен ауданға үш тонна азық-түлік жіберілді: ұн - 1 тонна, көкөніс пен жемістер - 1,5 тонна, Санитарлық гигиеналық құралдар мен бір реттік қолданыстағы ыдыс-аяқтар - 800 келі, киім мен аяқ киім - 2 тонна.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети